Об утверждении правил единовременной выплаты материальной помощи в честь 60-ой годовщины Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60-жылдығы құрметіне біржолғы материалдық көмек төлемінің ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 18 ақпандағы №А-3/56 «Облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № А-1/312 «2005 жылға арналған облыстық бюджет туралы» шешімін жүзеге асыру туралы» қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60-жылдығы құрметіне біржолғы материалдық көмек төлемі ережесі, қоса берілген бекітілсін.
Тармақ 2
2. Экономика мен қаржы бөлімі және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі біржолғы көмек беруді 2005 жылғы 15-сәуірге дейін қаржыландыруды және 2005 жылғы 30-сәуірге дейін төлемін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Ақмола облыстық әділет Департаментінде тіркелген сәттен күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануға тиісті.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.С.Балпанға жүктелсін. Келісілді: Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы А.Мананбаев «5» 03 2005 ж. Келісілді: Ақкөл аудандық экономика және қаржыландыру бөлімінің бастығы О.Лисина «5» 03 2005 ж. Келісілді: Ақкөл аудандық «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» бөлімшесінің бастығы: М.Байленова «5» 03 2005 ж.
Басқа 5
БЕКІТІЛГЕН Ақкөл аудандық әкімдігінің қаулысымен 2005 ж. «09» наурыз № а-3/72 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығы құрметіне біржолғы материалдық көмек төлемі ережесі Осы ереже Қазакстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 18-акпандағы №А-3/56 «Облыс әкімдігінің 2004 жылғы 28-желтоқсандағы № А-1/312 «Облыс мәслихатының «2005 жылға арналған облыстық бюджет туралы» шешімінің жүзеге асуы туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысына сәйкес жасалған және 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60-жылдығы құрметіне біржолғы материалдық көмек төлемі тәртібін анықтайды.
Тармақ 1
1. Біржолғы материалдық көмек алуға Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектері, Ұлы Отан соғысы жылдары тылда әскер қызметінде атқарған жанқиярлық және мінсіз еңбектері үшін бұрынғы ССРО ордендерімен және медальдерімен марапатталған адамдар, Ұлы Отан соғысында қаза болған (өлген, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің жесірлері құқықты.
Тармақ 2
2. Ақкөл аудандық «Мемлекеттік зейнетақы төлем орталығы» (келісім бойынша) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерінің Ұлы Отан соғысы жылдары тылда әскер қызметінде атқарған жанқиярлық және мінсіз еңбектері үшін бұрынғы ССРО ордендерімен және медальдерімен марапатталған адамдардың, Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлердің жесірлерінің 2005 жылғы 31-наурызға жасалған тізімін «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне» 2005 жылғы 1-сәуірге дейін тапсырсын.
Тармақ 3
3. Біржолғы көмекті қаржыландыру мен төлемі 007 «Жергілікті өкілетті орғандардың шешімі бойынша азаматтардың кейбір мұқтаж санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы арқылы өтеді:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектеріне - 10000 теңге мөлшерінде;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысы жылдары тылда әскер қызметінде атқарған жанқиярлық және мінсіз еңбектері үшін бұрынғы ССРО ордендерімен және медальдерімен марапатталған адамдарға, Ұлы Отан соғысында қаза болған (өлген, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің жесірлеріне - 5000 теңге мөлшерінде.
Тармақ 4
4. Біржолғы көмекті төлемі қалыптастырылған тізім бойынша, банк операцияларын жүргізуге лайықты лицензиясы бар ұйымдардағы, сонымен қатар «Қазпошта» акционерлік қоғамындағы зейнетақы және жәрдемақыларын есепке алу үшін ашылған жеке шоттарына қаржы аудару арқылы жүзеге асады.
Тармақ 5
5. Банк операцияларын жүргізуге лайықты лицензиясы бар ұйымдарға, «Қазпошта» акционерлік қоғамының органдарына көрсетілген орган мен өкілетті орган арасында жасалған белгіленген заңды тәртіптегі келісім бойынша біржолғы көмек төлемі жөнінде жүргізілген қызметақысы өндіріледі.