Об утверждении Правил предоставления материальной помощи участникам и инвалидам Великой войны, вдовам погибших и умерших участников и инвалидов войны, труженикам тыла к 60-й годовщины Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 годов Күшін жойған
Басқа 0
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тыл еңбеккелеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан және қайтыс болған жауынгерлердің жесірлеріне 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының Жеңісінің 60 жылдығына қарсы материалдық көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 11 тармақшасына, Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 53 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес және Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, қаза тапқан және қайтыс болған жауынгерлердің жесірлеріне және соғыс мүгедектері, тыл еңбеккерлерінің материалдық жағдайын жақсарту мақсатында Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Берілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан және қайтыс болған жауынгерлердің жесірлеріне 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының Жеңісінің 60 жылдығына қарсы материалдық көмек көрсету Ережелері бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысы әділет Департаментінде тіркеуден өткен және ресми жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
КЕЛІСІЛДІ:
Аудан әкімі Ж.Дүйсебаев
Басқа 3
1 қосымша
Шортанды аудандық мәслихатының
2005 жылғы 1 наурыздағы
№ С-11/7 шешімімен
БЕКІТІЛДІ
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан және қайтыс болған жауынгерлердің жесірлеріне 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының Жеңісінің 60 жылдығына қарсы материалдық көмек көрсету
Ережелері
Тармақ 1
1. Осы ереже Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан және қайтыс болған жауынгерлердің жесірлеріне 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының Жеңісінің 60 жылдығына қарсы материалдық көмекті тағайындау және төлеу тәртібін айқындайды, 451007 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша көмекке мұқтаж азаматтардың кейбір бөліктеріне әлеуметтік төлемдері» бюджеттік бағдарламасы бойынша төлем төлеуді ұйымдастыру тәртібін реттейді.
Тармақ 2
2. Ережелерді қабылдаудың құқықтық негізі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі болып табылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңымен реттелетін қатынастарға ережелердің күші жүрмейді.
Тарау 2. 2. Төлемдерді төлеуді жүзеге асыру тәртібі
2. Төлемдерді төлеуді жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 4
4. Материалдық көмек Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тіл еңбеккерлеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан және қайтыс болған жауынгерлердің және мүгедектердің жесірлеріне беріледі.
Тармақ 5
5. Бір жолғы материалдық көмекті төлеуді Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесі селолық округтердің әкімдері, зейнетақы төлеу бойынша Мемлекеттік орталықтың аудандық бөлімшесі, ішкі істер бөлімі, қорғаныс істері жөніндегі бөлім ұсынған тізімдер негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Бір жолғы материалдық көмек әрбір Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 10000 теңге (он мың теңге), әрбір тыл еңбеккерлері мен Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне 5000 теңге (бес мың теңге) мөлшерінде белгіленеді.
Тармақ 7
7. Төлем төлеу олардың тиісті лицензиялары бар ұйымдарға және «Қазпошта» Акционерлік қоғамына зейнетақы және жәрдемақы аудару үшін ашылған жеке шоттарына қаражаттар аудару жолымен жүзеге асырылады. 2005 жылғы 18 сәуірден кейін келген жоғарыда аталған азаматтардың санатына жататын, бұрынғы тұрған жері бойынша бір жолғы материалдық көмекті алмағандардың 2005 жылғы 1 желтоқсанға дейін осы төлемдерді алуға құқығы бар.
Тарау 3. 3. Бір жолғы материалдық көмек беруді қаржыландыру
3. Бір жолғы материалдық көмек беруді қаржыландыру
Тармақ 8
8. Бір жолғы материалдық көмек шығыстарын қаржыландыру аудандық бюджеттің 451007 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша көмекке мұқтаж азаматтардың кейбір бөліктеріне әлеуметтік төлемдері», 451015 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне бір жолғы көмекті төлеу», 451019 «Облыстық бюджеттің ресми трансферттері есебінен бағдарламаны жүзеге асыру» бюджеттік бағдарламалары бойынша осы мақсаттарға көзделген қаражаттар шегінде жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Бір жолғы материалдық көмекті төлеу бойынша қызметтердің төлемақысы заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы Ереженің 7 тармағында көрсетілген ұйымдар мен «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесі арасындағы жасалған келісімдер негізінде жүргізіледі.
Тарау 4. 4. Төлемдерді төлеуді жүзеге асыруды бақылау
4. Төлемдерді төлеуді жүзеге асыруды бақылау
Тармақ 10
10. Бір жолғы төлемдерді төлеуді бақылау және есеп беру Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.