Об утверждении правил выплаты единовременной помощи участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, вдовам и умерших участников и инвалидов войны, труженикам тыла к 60-й годовщине Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г. Қолданыста
Басқа 0
1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 60-жылдығына Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне соғыста қаза тапқандар мен қайтыс болғандардың жесір әйелдеріне және соғыс мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне біржолғы көмекті төлеу ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 31 б. 1 т. 14) тармақшасына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихатының 2005 жылғы 11 ақпандағы № ЗС-10-2 «Облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 10 желтоқсандағы № 3С-9-4 «2005 жылға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімінің 1 т. 19), 20) тармақшаларын, Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 18 ақпандағы № А-3/56 Ақмола облысы әкімдігінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № А-1/312 «Облыстық мәслихаттың «2005 жылға арналған облыстық бюджет туралы» шешімін іске асыру туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қаулысының 1 т. 10) тармақшасын орындау үшін, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және азаматтардың басқа да санаттарына қосымшаға сәйкес біржолғы көмекті төлеу ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап өз күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің, орынбасары Т.Н. Смағұлға жүктелсін.
Басқа 4
Степногорск қаласы әкімдігінің
2005 жылғы 16 наурыздағы № ә-1/159
«1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан
соғысындағы Жеңістің 60-жылдығына
Ұлы Отан соғысының қатысушылары
мен мүгедектеріне, соғыста қаза
тапқандар мен қайтыс болғандардың
жесір әйелдеріне және соғыс мүгедектеріне,
тыл еңбеккерлеріне біржолғы көмекті
төлеу ережелерін бекіту туралы» қаулысына
Қосымша
1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 60-жылдығына Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, соғыста қаза тапқандар мен қайтыс болғандардың жесір әйелдеріне және соғыс мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне материалдық көмекті төлеу
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелері
1. Жалпы ережелері
Тармақ 1
1. Осы Ережелер 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 60-жылдығына Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, соғыста қаза тапқандар мен қайтыс болғандардың жесір әйелдеріне және мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне материалдық көмекті тағайындау және төлеу тәртібін белгілейді, 451007 «Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер» бюджеттік бағдарламасы бойынша төлемдерді ұйымдастыру тәртібін реттейді.
Тармақ 2
2. Ережелерді қабылдау үшін құқықтық негіз Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі болып табылады.
Тармақ 3
3. Ережелердің әрекеті Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңымен реттелетін қатынастарға тарамайды.
Тарау 2. 2. Төлемдерді жүзеге асыру тәртібі
2. Төлемдерді жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 4
4. Материалдық көмек Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне, соғыста қаза тапқандар мен қайтыс болғандардың жесір әйелдеріне және соғыс мүгедектеріне беріледі.
Тармақ 5
5. Біржолғы материалдық көмекті төлеу «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесімен зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік Орталық бөлімшесінің, қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тапсырған тізімдерінің негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Біржолғы материалдық көмек ҰОС қатысқан әр қатысушы мен мүгедекке 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде, әр тыл еңбеккері мен ҰОС қаза тапқандардың жесір әйелдеріне 5 000 (бес мың) теңге мөлшерінде белгіленеді.
Тармақ 7
7. Төлемдер тиісті рұқсатнамалары бар ұйымдардың зейнетақылар мен жәрдемақыларды аудару үшін ашылған есеп шоттарына, сондай-ақ «Қазпошта» Акционерлік қоғамына 2005 жылғы 15 сәуір мерзіміне дейін қаражаттарды аудару тәсілімен жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген азаматтардың санаттары бұрын тұрған жерде біржолғы материалдық көмек алмаса 2005 жылғы 15 сәуірден кейін келгендер 2005 жылғы желтоқсанның 1-не дейін әлеуметтік көмек алуға құқылы.
Тарау 3. 3. Біржолғы материалдық көмекті қаржыландыру.
3. Біржолғы материалдық көмекті қаржыландыру.
Тармақ 8
8. Біржолғы материалдық көмектің шығыстарын қаржыландыру қалалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген 451007 «Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер», 451015 «Ұлы Отан Соғысының мүгедектері мен қатысушыларына біржолғы көмекті төлеу», 451019 «Облыстық бюджеттен ресми тансферттер есебінен бағдарламаны іске асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша қаражаттардың шегінде жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Біржолғы материалдық көмекті төлеу бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте Осы Ережелердің 7 тармағында көрсетілген ұйымдар арасында және «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметгік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесімен жасасқан келісім-шарттар негізінде қызметтерді көрсету жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4. Төлемдерді жүзеге асыруды бақылау.
4. Төлемдерді жүзеге асыруды бақылау.
Тармақ 10
10. Біржолғы материалдық көмекті көрсету бойынша бақылау мен есептілік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.