Об утверждении правил выплаты единовременной материальной помощи в честь празднования 60-ой годовщины Победы в Великой Отечественной войне Күшін жойған
Басқа 0
Ұлы Отан Соғысының 60 жылдық Жеңісің тойлау қарсанында бір жолғы материалдық көмекті төлеудің ережесін бекіту туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 18 ақпандағы № А-3/56 «2005 жылға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың шешімін жүзеге асыру туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2004 жылғы; 28 желтоқсандағы № А-1/312 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қаулысын жүзеге асыру мақсатында Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұлы Отан Соғысының 60 жылдық Жеңісің тойлау қарсанында бір жолғы материалды көмекті төлеудің ұсынылған ережесін бекітсін
Тармақ 2
2. Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2005 жылдың 30 сәуіріне дейін Ережеге орай біржолғы көмекті төлеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Сандықтау ауданың экономика және қаржы бөлімі мақсатты трансфертерді бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қаулы Ақмола облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және міндетті ресми жариялануға жатады.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.С.Ізбасароваға жүктелсін
Басқа 6
Сандықтау ауданы әкімдігінің
«4» 03 2005 ж № А-2/85
қаулысымен БЕКІТІЛГЕН
Ұлы Отан Соғысының 60 жылдық Жеңісің тойлау қарсанында біржолғы материалды көмекті төлеудің ережесі
Осы Ереже 2005 жылға арналған облыстық бюджетте қарастырылған, Ұлы Отан соғысынығ қатысушылары мен мүгедектеріне (әрі қарай-соғысқа қатысушылар); қайтадан неке қимаған жұбайларына. Ұлы Отан Соғысында қайтқан жауынгерлерге (өлгендер. хабарсыз кеткендер); бұрынғы кәмелеттік жасқа толмаған концлагер тұтқындарына, екінші дүние жүзілік соғыс кезінде орын аударғандарға және Ұлы Отан Соғысы кезінде тылдағы адал әскери қызметі және ерлік еңбегі үшін бұрынғы КСРО медалдарын және алқаларымен марапатталған тұлғаларға біржолғы материалды көмекті төлеуді, мақсатты ағымдағы трансферттерді пайдаланудың. тәртібін анықтайды.
Тармақ 1
1. Жергілікті бюджет бағдарламасың жүзеге асыру бір жолғы материалды көмекті төлеу үшін 007 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек» облыстық бюджет бағдарламасын қаржыландыру бекітілген жоспар тәртібіне орай, бюджет заңнамаларына сәйкес, «Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұлан әрі бөлім) жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Зейнетақы мен жердемақыны төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының Сандықтау филиалы (әрі-филиал орталығы) 2005 жылдың 31 наурызы бойынша селолық округтардың көлемінде электронды және қағаз тасымалдаушысымен Орталықтан әлеуметтік төлемдер алушы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне (әрі қарай-соғысқа қатысушылар); қайтадан неке қимаған жұбайларына, Ұлы Отан Соғысында қайтқан жауынгерлерге (өлгендер, хабарсыз кеткендер); бұрынғы кәмелеттік жасқа толмаған концлагер тұтқындарына, екінші дүние жүзілік соғыс кезінде орын аударғандарға және Ұлы Отан Соғысы кезінде тылдағы адал әскери қызметі және ерлік еңбегі үшін бұрынғы КСРО медалдары және алқаларымен марапатталған тұлғалар тізімін 2005 жылдың 1 сәуіріне дейін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырсын.
Тармақ 3
3. Бөлім: 2 тармақта көрсетілген. орган ұсынған тізімді есепке алып біржолғы жәрдемақыны төлеу үшін Ұлы Отан соғысынын қатысушылары мен мүгедектерге (әрі қарай- соғысқа қатысушылар): қайтадан неке қимаған жұбайларына, Ұлы Отан Соғысында қайтқан жауынгерлерге (өлгендер, хабарсыз кеткендер); бұрынғы кәмелеттік жасқа толмаған концлагер тұтқындарына, екінші дүние жүзілік соғыс кезінде орын аударғандарға және Ұлы Отан Соғысы кезінде тылдағы адал әскери қызметі және ерлік еңбегі үшін бұрынғы КСРО медалдары және алқаларымен марапатталған тұлғалардың тізімін құрайды;
2005-жылдың 30 сәуіріне дейін ұйымдарда жәрдемақы мен зейнетақыны аудару үшін банктік операцияларды жүзеге асыруға сәйкес лицензиясы бар, сонымен бірге «Қазпошта» Акционерлік қоғамында, құрылған тізімнің негізінде, олардың жеке шоттарына қаражатты аудару жолымен, соғысқа қатысушылардың әрқайсына 10000 тенге және қайта неке қимаған жұбайларына,Ұлы Отан Соғысында қайтқан жауынгерлерге (өлгендер, хабарсыз кеткендер); бұрынғы кәмелеттік жасқа толмаған концлагер тұтқындарына, екінші дүние жүзілік соғыс кезінде орын аударғандарға және Ұлы Отан Соғысы кезінде тылдағы адал әскери қызметі және ерлік енбегі үшін бұрынғы КСРО медалдары және алқаларымен марапатталған тұлғаларға 5 мың теңге мөлшерінде біржолғы көмекті төлеуді жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Бір жолғы көмекті төлеу жөніндегі банктік операцияларды жүзеге асыруға сәйкес лицензиясы бар, «Казпошта» Акционерлік қоғамы органының қызметін төлеу көрсетілген ұйымдар мен бөлімнің арасындағы заң тәртібінде бекітілген шарттын негізінде жүргізіледі
Тармақ 5
5. Бөлім 2005 жылдың 2 мамырына дейін бір жолғы материалды көмекті төлеу туралы ақпаратты Ақмола «облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне хабарлайды