Об утверждении Правил оказания материальной помощи отдельным категориям граждан в связи с празднованием 60 годовщины Победы в Великой Отечественной войне Қолданыста
Басқа 0
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын мерекелеуге орай мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына материалдық көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 53-бабының негізінде аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын мерекелеуге байланысты мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына материалдық көмек көрсету Ережелері осы шешімнің № 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалу барысын қадағалау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет пен қаржы, заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облыстық Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді.
Басқа 4
Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 28 наурыздағы «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын мерекелеуге байланысты азаматтардың жекелеген санаттарына материалдық көмек көрсету Ережесін бекіту туралы» № С-16/6 сессиясының шешіміне
№ 1 қосымша
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын мерекелеуге байланысты азаматтардың жекелеген санаттарына материалдық көмек көрсету
Ережесі
Осы ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» №148-ІІ Заңының 6-бабына және 2004 жылғы 24.04 № 548-2 Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 53-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» №692-12 Заңының, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 сәуірдегі заң күші бар «Ұлы Отан соғысына катысушылар мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға жеңілдіктер беру мен әлеуметтік қорғау туралы» №2247 Жарлығының негізінде, көмекті қажет етуші азаматтардың жекелеген топтарына материалдық көмек көрсету мақсатында әзірленді.
Тарау 1. 1. Жалпы қағидалар
1. Жалпы қағидалар
Тармақ 1
1. Осы ереже Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын мерекелеуге орай «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша көмекті қажет ететін азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету» бюджеттік бағдарламасы бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына материалдық көмек көрсету тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша көмекті қажет ететін азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету» жөніндегі 451-007 бюджеттік бағдарлама әкімгері болып табылады.
Тармақ 3
3. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын мерекелеуге байланысты азаматтардың жекелеген санаттарына материалдық көмек көрсету үшін қаржыландыру ісі облыстық бюджеттен бөлінген трансферттік қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер 1045000-00 (бір миллион қырық бес мың) теңгені құрайды.
Тармақ 5
5. Материалдық көмек алуға мыналар құқылы:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысына катысушылар мен мүгедектері;
Тармақша 2
2) әскери қызметшілер мен еркін жалданбалы кұрамның қызметшілері;
Тармақша 3
3) партизандар;
Тармақша 4
4) концлагерь тұтқындары;
Тармақша 5
5) күйеулері Ұлы Отан соғысы жылдарында қайтыс болған жесірлер;
Тармақша 6
6) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда қажырлы еңбек еткені үшін марапатталған тыл еңбеккерлері.
Тармақ 6
6. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік көмек көрсетілуге құқылы адамдардың тізімін комиссия қарауына ұсынады.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек көрсету немесе одан бас тарту туралы шешім көмекті қажет етуші азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі тұрақты жұмыс атқарушы Комиссияның (бұдан былай - Комиссия) отырысында шығарылады. Оның жеке кұрамы аудандық мәслихаттың шешімімен бекітіледі.
Тармақ 8
8. Комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданып, егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының басым бөлігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады.
Тармақ 9
9. Комиссия отырысына оның кұрамының кемінде 2/3 бөлігі катысса, отырыс заңды деп саналады.
Тарау 2. 2. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын мерекелеуге байланысты азаматтардың жекелеген санаттарына материалдық көмек көрсету
Тәртібі
2. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығын мерекелеуге байланысты азаматтардың жекелеген санаттарына материалдық көмек көрсету
Тәртібі
Тармақ 10
10. Материалдық көмек оны сұраған адамның жоғарыда аталып өткен санаттардың біріне жататындығын растайтын құжаттарға сәйкес беріледі.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмек тағайындау құқығын беретін құжаттар мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) жеңілдік берілген санатты растайтын куәліктің ксерокөшірмесі;
Тармақша 2
2) жеке басы куәлігінің ксерокөшірмесі
Тармақ 12
12. Әр адамға көрсетілетін материалдық көмектің мөлшері:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысына қатысушыға және соғыс мүгедегіне - 10 000-00 теңге;
Тармақша 2
2) әскери қызметшіге және еркін жалданбалы кұрамның қызметшісіне - 5000-00 теңге
Тармақша 3
3) партизанға - 5000-00 теңге
Тармақша 4
4) концлагерь тұтқынына -5000-00 теңге;
Тармақша 5
5) күйеулері Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жесірлерге - 5000-00 теңге
Тармақша 6
6) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда қажырлы еңбек еткені үшін марапатталған тыл еңбеккеріне - 5000-00 теңге.