О бюджетной программе 6.2.105.60.00 «Социальные выплаты отдельным категориям граждан области на 2001 – 2002 годы» Қолданыста
Басқа 0
«2001 – 2002 жылдарға арналған облыстың жеке азаматтар тобына әлеуметтік төлемдер» № 6.2.105.60.00 бюджеттік бағдарламасы туралы
Облыстық әлеуметтік қорғау және тұрєындарды еңбекпен қамту департаментінің бастығы Қ.Қ. Қапеновтың 2001 - 2002 жылдарға арналған облыстың жеке азаматтар тобына әлеуметтік төлемдер" № 6.2.105.60.00 бюджеттік бағдарламасы туралы хабарламасын тыңдап және талқылап, облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "2001 - 2002 жылдарға арналған облыстың жеке азаматтар тобына
әлеуметтік төлемдер" № 6.2.105.60.00 бюджеттік бағдарламасы (одан әрі
- Бағдарлама) - бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыс әлеуметтік қорғау және тұрғындарды еңбекпен қамту
департаменті (Қапенов Қ.Қ.) 2002 жылғы 10 қаңтар мерзіміне орай облыстық
Мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына бағдарламаның
орындалуы туралы хабарлайтын болсын.
Тармақ 3
3. Осы бағдарламаның орындалуына бақылауды жасау облыстық Мәслихаттың
әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына (Лебедь В.Д.) жүктелсін.
Басқа 4. 6.2.105.60.00 "Облыс азаматтарының
жекелеген санаттарына 2001 - 2002 жылдарға
арналған әлеуметтiк төлемдер"
бюджеттiк бағдарламасы
2001 жылғы 25 мамырдағы
облыстық Мәслихаттың
шешiмiмен бекітілген
6.2.105.60.00 "Облыс азаматтарының
жекелеген санаттарына 2001 - 2002 жылдарға
арналған әлеуметтiк төлемдер"
бюджеттiк бағдарламасы
Бағдарламаның әкiмгерi
Облыс тұрғындарды әлеуметтiк қорєау және жұмыспен қамту департаментi
Жүзеге асыру мерзiмдерi
Жыл бойы
Бағдарламаның тұрпаты
Ағымдағы
Бағдарламаның мазмұны
Ұлы Отан соғысының қатысушыларын, мүгедектерiн, Кеңес Одағының Батырларын, Социалистiк Еңбек Ерлерiн, үш дәрежелi Даңқ және үш дәрежелi Еңбек Даңқы ордендерiмен марапатталған адамдарды; Қазақстан Республикасының алдында ерекше еңбек сiңiргенi үшiн зейнетақы, облыс алдында ерекше еңбек сiңiргенi үшiн зейнетақы алатын ауылдық жерлерде
тұратын зейнеткерлердi материалдық қолдау Бағдарламаның негiзгi мақсаты
болып табылады
Бағдарламаны Жүзеге асырудың құқықтық негiздемесi
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 28 сәуiрдегi "Ұлы
Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген
адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" заң
күшi бар № 2247
Жарлығы
Қаржыландыру көздерi
Облыстық бюджеттiң қаражаттары осы Бағдарламаны қаржыландыру көзi
болып табылады
Бағдарламаны Жүзеге асыру нысаны
Ақшалай төлемдер
Болжамды шығындар көлемi 2001 жылға арналған Бағдарлама бойынша жалпы
шығындар сомасы 7223,0 мың теңге болып табылады, оның iшiнде бекiтiлген
шығындар сметаларына сәйкес кiшi бағдарламалар бойынша (қоса берiлiп отыр)
Бағдарламаның iс - шараларын орындаудан күтiлетiн нәтижелер
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiн және азаматтардың
жекелеген санаттарын материалдық қолдау сияқты бiр жолғы ақшалай төлемдер
Бағдарлама iс - шараларының орындалу нәижесi болып табылады.
Басқа 5. Облыс азаматтарының жекелеген
санаттарына әлеуметтiк төлемдер туралы
ережелер
Облыс мәслихаттың
2001 жылғы 25 мамырдағы
шешiмiмен бекiтiлдi
Облыс азаматтарының жекелеген
санаттарына әлеуметтiк төлемдер туралы
ережелер
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережелер қазақ КСР-iнiң 1991 жылғы 13 ақпандағы "Қазақ ССР-iнiң ауылын, селосын және аграрлық - өнеркәсiптiк кешенiн басымдықпен дамыту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 28 сәуiрдегi "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорєау туралы" заң күшi бар № 2247 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылңы 3 маусымдаңы "2000 - 2002 жылдарға арналған кедейлiкпен және жўмыссыздықпен күрес жөнiндегi бағдарлама туралы" № 833 қаулысына, облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 12 маусымдағы "Павлодар облысының 2000 - 2002 жылдарға арналған кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрес жөнiндегi Кешендi бағдарламасы туралы" № 134 шешiмiне сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар шешiмдерi бойынша облыс азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлемдер тәртiбiн белгiлейдi.
Тарау 2. 2. Жекелеген әлеуметтiк төлемдерге
құқығы бар азаматтардың санаттары
2. Жекелеген әлеуметтiк төлемдерге
құқығы бар азаматтардың санаттары
Тармақ 2
2. Жекелеген әлеуметтiк төлемдер алуға мыналардың құқықтары бар:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар iшiнен қайтыс болған Кеңес Одағы Батырларының, Социалистiк Еңбек Ерлерiнiң, "Отан", "Халық қаhарманы", үш дәрежелi жауынгерлiк Даңқ ордендерiмен марапатталған адамдардың отбасылары;
Тармақша 2
2) Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, бiлiм, әлеуметтiк қамтамасыз ету, мәдениет салаларының мамандары;
Тармақша 3
3) 18 жасқа дейiнгi балалары бар және бала туған жағдайда аз қамтамасыз етiлген отбасылары; бұрын жұмыс iстеген және жұмыссыз азаматтар; үйде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек балалар; тұрғын үй жәрдемақыларын алушылар; қайтыс болған жұмыс iстеген және жұмыссыздар отбасыларына жерлеуге жәрдемақы;
Тармақша 4
4) Бiреудiң көмегiн қажет ететiн жалғызiлiктi мүгедектер;
Тармақша 5
5) Санаториялық - курорттық емделуге медициналық қорытындысы бар жалпы сырқат мүгедектерi, бала кезiнен мїгедектер;
Тармақша 6
6) Кресло-күймелермен қамтамасыз етудi қажет ететiн медициналық-әлеуметтiк сараптама комиссиясының қорытындысы бар мүгедектер, мәртебесiне қарамастан;
Тармақша 7
7) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi, қатысушылары, Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, үш дәрежелi Еңбек Даңқы және жауынгерлiк Даңқ ордендерiнiң иегерлерi, Қазақстан Республикасының алдында сiңiрген ерекше еңбегi үшiн зейнетақы алатын, облыс алдында сiңiрген ерекше еңбегi үшiн зейнетақы алатын ауылдық жерде тұратын зейнеткерлер;
Тармақша 8
8) Алматы мен Астанадаєы республикалық госпитальдарда емделудi қажет ететiн, облыста тұратын Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушылары;
Тармақша 9
9) Облыс алдында ерекше еңбек сiѕiргенi үшiн зейнетақы алатын зейнеткерлер.
Тарау 3. 3. Әлеуметтiк төлемдер тағайындау тәртiбi
3. Әлеуметтiк төлемдер тағайындау тәртiбi
Тармақ 3
3. Осы Ереженiң 2-бөлiмiнде көрсетiлген азаматтардың санаттарына әлеуметтiк төлемдер мынадай жолдармен:
әлеуметтiк төлемдер - 1, 2, 3, 4 және 7, 8, 9 - тармақтарда көрсетiлген санаттағыларға;
санаториялық - курорттық жолдамалар - 5-тармақтағы санаттағыларға;
кресло-күймелер - 6 - тармақтағы санаттағыларға тағайындалады;
Тармақ 4
4. Әлеуметтiк төлемдерге құқығы бар тұлғалар үшiн тағайындау негiздерi:
Тармақша 1
1) 1-тармақта көрсетiлген санаттағылар үшiн - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы сәуiрдiң 28-дегi "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" заң күшi бар № 2247 Жарлығына сәйкес;
Тармақша 2
2) 2-тармақта көрсетiлген санаттағылар үшiн - Қазақ КСР-iнiң 1991 жылғы 13 ақпандағы "Қазақ ССР-iнiң ауылын, селосын және аграрлық -өнеркәсiптiк кешенiн басымдықпен дамыту туралы" заң Заңына сәйкес;
Тармақша 3
3) 3-тармақта көрсетiлген санаттағылар үшiн - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 наурыздағы № 382 қаулысымен бекiтiлген балалы отбасыларға әлеуметтiк көмек көрсету туралы ережесiне, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 шiлдедегi № 1036 қаулысына, облыс әкiмiнiң 1999 жылғы 16 қазандағы № 203 шешiмiне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" № 149-II ҚРЗ заңына сәйкес;
Тармақша 4
4) 4, 5, 6 - тармақтарда көрсетiлген санаттағылар үшiн - Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңына сәйкес;
Тармақша 5
5) 7, 8, 9 - тармақтарда көрсетiлген санаттағылар үшiн - облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 24 сәуiрдегi "Азаматтарды жеке санаттарының облыс аумағында жеңiлдiкпен жүру ережелерi туралы" № 101 шешiмiне сәйкес.
Тарау 4. 4. Әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерi
4. Әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерi
Тармақ 5
5. Әрбiр санаттағы азаматтарға әлеуметтiк төлемдер мына түрлер бойынша:
Тармақша 1
1) 1-тармақта көрсетiлген санаттағылар үшiн - жерлеген туыстарына өтiнген кезде жиырма есе айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде бiр жолғы материалдық көмек;
Тармақша 2
2) 2-тармақта көрсетiлген санаттағылар үшiн - әрқайсысына бiр мың теңге мөлшерiнде бiр жолғы материалдық көмек;
Тармақша 3
3) 3-тармақта көрсетiлген санаттағылар үшiн - жоғарыда аталған заңнамалық кесiмдердiң негiзiнде ай сайынғы төлемдер түрiнде, оның iшiнде:
жұмыссыз азаматтарға бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, бiрақ 12 айлық кезеңде алты айдан аспайтын мерзiмде;
аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үй көмегi (бiр адамға 18 шаршы метр нормалық көлем шеңберiнде тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтердi тұтынуға меншiк иесiнiң iс жүзiндегi төлемдерi мен отбасының шығындарының рұқсат етiлген шектi мөлшерi арасындағы төленетiн айырмашылық, бiрақ айына екi айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын болғанда);
Тармақша 4
4) 4-тармақта көрсетiлген санаттағылар үшiн - бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде ай сайынғы төлемдер;
Тармақша 5
5) 5-тармақта көрсетiлген санаттағылар үшiн - санаторийлерге -профилакторийлерге тегiн санаториялық - курорттық жолдамалар беру;
Тармақша 6
6) 6-тармақта көрсетiлген санаттағылар үшiн - кресло-күймелер бөлу;
Тармақша 7
7) 7, 8 - тармақтарда көрсетiлген санаттағылар үшiн - нақты шығындар бойынша жол жүруге ақшалай өтемақы;
Тармақша 8
8) 9 - тармақта көрсетiлген санаттағылар үшiн - зейнетақыға ай сайынғы 0,5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде үстемеақы тағайындалады.
Тарау 5. 5. Қажеттi құжаттар тiзiмi
5. Қажеттi құжаттар тiзiмi
Тармақ 6
6. Осы әлеуметтiк төлемдердi төлеу үшiн азаматтардың әрбiр санатына тиiстi құжаттар қажет:
Тармақша 1
1) 1-тармақта көрсетiлген санаттағылар үшiн - жерлеу жабдығын өткiзетiн туыстарының өтiнiшi; қайтыс болған адамның қайтыс болғандығы туралы куәлiгi; қайтыс болған адамның мәртебесiн растайтын құжаттар;
Тармақша 2
2) 2-тармақта көрсетiлген санаттағылар үшiн - маманның өтiнiшi; осы маман тiркеуде тұрған үй кiтабы; маманның қызметiн растайтын құжат;
Тармақша 3
3) 3-тармақта көрсетiлген санаттағылар үшiн - әлеуметтiк төлем алушының өтiнiшi; жеке басының куәлiгi; СТТН; тұрған жерiнен отбасының құрамы туралы анықтама; қызмет берушiлердiң коммуналдық қызметтердiң барлық түрлерiне ақы төленгенi туралы берген түбiршектерi; отбасының барлық мүшелерiнiң кiрiстерi туралы анықтамалары; отбасының кәмелетке толған барлық мәшелерiнiң жұмыс, оқу орындары мен жұмыспен қамту орталығы берген анықтамалары (жекелеген түр үшiн - туыстық қатынастарды растайтын құжат); бiрге тұратын жұмысқа қабiлеттi барлық адамдардың еңбек қызметтерін растайтын құжаттар көшiрмелерi; өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсанына жалақы, зейнетақы, жәрдемақы туралы, алимент алу және кiрiстiң басқа түрлерi туралы анықтама; салық комитетiнен кәсiпкерлiк қызметпен айналысатыны туралы анықтама; алименттi өтеп алу туралы қаулының көшiрмесi; мүгедектер үшiн медициналық - әлеуметтiк сараптама комиссиясының анықтамалары; АХАЖ-дан (жалєызiлiктi аналар үшiн) "кесiнiң аты аналарының айтуымен жазылғаны туралы анықтамалар; егер бала қамқорлықта болса, қамқорлық белгiлеу туралы тиiстi орган шешiмiнiң көшiрмесi; егер ата-аналар (немесе олардың бiреуi) мәжбүрлi түрде емдеуге жiберiлген болса, бас бостандыєынан айырылғандар орнында немесе ата-ананың құқықтарынан айырылған болса сот шешiмiнiң көшiрмесi; отбасының мүшесi қайтыс болєан жағдайда АХАЖ-дан қайтыс болғаны туралы куәлiктiң көшiрмесi;
Тармақша 4
4) 4-тармақта көрсетiлген санаттағылар үшiн - жалғызiлiктi мүгедектiң өтiнiшi; жалғызiлiктi мәртебесiн растайтын құжат; үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесiнiң кесiмi;
Тармақша 5
5) 5-тармақта көрсетiлген санаттағылар үшiн - мүгедектiң өтiнiшi; санаторий-профилакторийлерде санаторийлық - курорттық емделудiң қажеттiгiне құқықты растайтын медициналық мекемелерден анықтама; оның мәртебесiн растайтын мүгедектiң куәлiгi; тұрғындарды әлеуметтiк қорғау мекемесi басшысының iлеспе хаты;
Тармақша 6
6) 6-тармақта көрсетiлген санаттағылар үшiн - мүгедектiң өтiнiшi; медициналық - әлеуметтiк сараптама комиссиясының мүгедектiк туралы анықтамасы; мүгедектi кресло-күймемен қамтамасыз етудiң қажеттiлiгiн растайтын медициналық - әлеуметтiк сараптама комиссиясының қорытындысы;
Тармақша 7
7) 7, 8, 9 - тармақтарда көрсетiлген санаттағылар үшiн - адамның (көрсетiлген санатқа сүйкес) жеңiлдiк тағайындау және оны кейiн жеке есеп-шотқа аудару туралы өтiнiшi, СТТН; пайдаланылған билеттер; әлеуметтiк мәртебесiне сәјйкес куәлiк; жеке басының куәлiгi.
Тарау 6. 6. Есеп және есеп беру
6. Есеп және есеп беру
Тармақ 7
7. Көрсетiлген әлеуметтiк төлемдердi тұрғындарды әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту басқармалары мен бөлiмдерi тұрғылықты жерлерде Халықтық банкi филиалдарындағы алушылардың жеке есеп шоттарына есепке жатқызу жолымен жүзеге асырылатын болады, осы Ережелердiң 3 - тармағында көрсетiлген азаматтардың санаттарынан басқа, оларға тұрғын үй жәрдемақылары қызмет берушiлермен жасасқан шарттарына сәйкес төленетiн болады; 5, 6 - тармақтарда көрсетiлген санаттағы адамдарға облыс тұрғындарды әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту департаментi әрбiр санат үшiн жоғарыда аталған тiзбелерге сәйкес ұсынылатын қажеттi құжаттардың негiзiнде санаторийлiк - курорттық жолдамалар және кресло-күймелер беретiн болады.
Тармақ 8
8. Әрбiр айдың 20-сына қарай тұрғындарды әлеуметтiк қорғау басқармалары мен бөлiмдерi облыс тұрғындарды әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту департаментiне төлемдердi қамтамасыз ету үшiн қажеттi қаражат туралы өтiнiмдер бередi.
Тармақ 9
9. Әрбiр айдың 25-сiне қарай облыс тұрғындарды әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту департаментi облыс қаржы департаментiне ұсынылған өтiнiмдерге сәйкес әлеуметтiк төлемдердiң әрбiр түрiне жеке қаржыландыруға өтiнiм беруге мiндеттi.
Тармақ 10
10. Тұрғындарды әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту департаментi тоқсан сайын есеп беру айының 10-на қарай облыс қаржы департаментiне облыстық бюджеттен қаржыландырылып төленген сомалары бойынша есеп беруге мiндеттi.