Құжат мәтініне өту

Шиелі ауданы бойынша жекелеген санаттағы ардагерлеріне Жеңістің 65 жылдығына орай біржолғы материалдық көмек көрсету туралы

Қаулы · № 977 · қабылданған 20.04.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.01.2011 редакциясы
https://adilet.kz/laws/65-ekb-52177/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Шиелі ауданы бойынша жекелеген санаттағы ардагерлеріне Жеңістің 65 жылдығына орай біржолғы материалдық көмек көрсету туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 977 ·20.04.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Шиелі ауданы бойынша жекелеген санаттағы ардагерлеріне Жеңістің 65 жылдығына орай біржолғы материалдық көмек көрсету туралы

ҚАЗШиелі ауданы бойынша жекелеген санаттағы ардагерлеріне Жеңістің 65 жылдығына орай біржолғы материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 977 · қабылданған 20.04.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Шиелі ауданы бойынша жекелеген санаттағы ардагерлеріне Жеңістің 65 жылдығына орай біржолғы материалдық көмек көрсету туралы
Атауы (қаз.)
Шиелі ауданы бойынша жекелеген санаттағы ардагерлеріне Жеңістің 65 жылдығына орай біржолғы материалдық көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
977
Қабылданған күні
20.04.2010
Көрсетілген редакция
18.01.2011 · қолданыстағы AI52177_1.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
18.01.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10LI000117
ЭКБ идентификаторы
52177
Редакция идентификаторы
AI52177_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:22

0 Шиелі ауданы бойынша жекелеген санаттағы ардагерлеріне Жеңістің 65 жылдығына орай біржолғы материалдық көмек көрсету туралы

РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 сәуірдегі "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай жол жүруді қамтамасыз етуге және біржолғы материалдық көмек төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы" 284 Қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналарға:

Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне және мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысы уақытында қаза тапқан (хабарсыз кеткен) әскери қызметшілердің, партизандардың, астыртын күрес жүргізушілердің ата-аналарына және қайталап некеге отырмаған зайыбына (жұбайына), екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына материалдық көмекке - 50 000 теңге, үйлерін жөндеуден өткізуге - 50 000 теңге, мерекелік киімдермен қамтамасыз ету үшін - 15 000 теңге, мерекелік азық-түлік жиынтығын алуға - 15 000 теңгеден 2010 жылдың 1 сәуірі мен 31 желтоқсаны аралығында жол жүруді қамтамасыз етуге 2 500 теңгеден;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 2010 жылдың 1 сәуірі мен 31 желтоқсаны аралығында жол жүруді қамтамасыз етуге 2 500 теңгеден;
Ұлы Отан соғысы кезінде тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін КСРО медальдарымен және ордерімен марапатталған тыл еңбеккерлеріне ем алып, оларды сауықтыру мақсатында 25 000 теңгеден материалдық көмек көрсетілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің

орынбасары Қ.Мүбараковқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа

енгізіледі.
АУДАН ӘКІМІ                                 Н. ӘЛІБАЕВ