Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына байланысты азаматтардың кейбір санаттарына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына байланысты азаматтардың кейбір санаттарына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 және 37 баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабына сәйкес, Атырау қалалық Мәслихатының 2010 жылғы 3 ақпандағы № 168 "Қалалық Мәслихаттың 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 154 "2010-2012 жылдарға арналған қала бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Атырау қалалық Әділет басқармасында 2010 жылғы 17 наурызда № 4-1-111 болып мемлекеттік тіркеуден өткен) негізінде, сондай-ақ Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге байланысты, қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Р. Оралова):
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылардың пәтерлері мен тұрғын үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 100 000 (жүз мың) теңге;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне бір жолғы әлеуметтік көмек ретінде 85 000 (сексен бес мың) теңге;
Тармақша 3
3) Ұлы Отан соғысы кезінде ерікті жалдама құрамының адамдарына 45 000 (қырық бес мың) теңге;
Тармақша 4
4) Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан жауынгерлердің қайталап некеге отырмаған зайыбы, ата-аналарына, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің әйелдеріне (күйеулеріне) және соларға теңестірілген мүгедектерге 15 000 (он бес мың) теңге;
Тармақша 5
5) соғыс уақытында қызмет жасаған тыл еңбеккерлеріне 10 000 (он мың) теңге көлемінде қаржы төлеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қаржылай әлеуметтік төлемдерді алушылардың есеп шоттарына аударсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Атырау қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 6 сәуірдегі № 292 "Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына байланысты азаматтардың кейбір санаттарына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы" және 2010 жылғы 6 сәуірдегі № 293 "Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің пәтерлері мен тұрғын үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлу және төлеу туралы" қаулылары жойылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б. Иманғалиевқа жүктелсін.