Құжат мәтініне өту

Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 65 жылдығына орай соғыс және тыл еңбеккерлері мен жесірлерге жергілікті бюджет есебінен төленетін бір жолғы материалдық көмек төлеу туралы

Қаулы · № 66 · қабылданған 12.04.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.06.2011 редакциясы
https://adilet.kz/laws/65-ekb-52786/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 65 жылдығына орай соғыс және тыл еңбеккерлері мен жесірлерге жергілікті бюджет есебінен төленетін бір жолғы материалдық көмек төлеу туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 66 ·12.04.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 65 жылдығына орай соғыс және тыл еңбеккерлері мен жесірлерге жергілікті бюджет есебінен төленетін бір жолғы материалдық көмек төлеу туралы

ҚАЗҰлы Отан соғысындағы жеңістің 65 жылдығына орай соғыс және тыл еңбеккерлері мен жесірлерге жергілікті бюджет есебінен төленетін бір жолғы материалдық көмек төлеу туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 66 · қабылданған 12.04.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 65 жылдығына орай соғыс және тыл еңбеккерлері мен жесірлерге жергілікті бюджет есебінен төленетін бір жолғы материалдық көмек төлеу туралы
Атауы (қаз.)
Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 65 жылдығына орай соғыс және тыл еңбеккерлері мен жесірлерге жергілікті бюджет есебінен төленетін бір жолғы материалдық көмек төлеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
66
Қабылданған күні
12.04.2010
Көрсетілген редакция
27.06.2011 · қолданыстағы 52786_176677.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
27.06.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10TD000162
ЭКБ идентификаторы
52786
Редакция идентификаторы
52786_176677
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:32

0 Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 65 жылдығына орай соғыс және тыл

еңбеккерлері мен жесірлерге жергілікті бюджет есебінен төленетін бір жолғы материалдық көмек төлеу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 ақпандағы № 94 "Қазақстан Республикасында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Н. Құрманғалиева) Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай соғыс және тыл еңбеккерлері мен жесірлерге жергілікті бюджет есебінен төленетін бір жолғы материалдық көмекке бөлінген қаражатты толықтай игеруді қамтамасыз етсін.

2 2. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай соғыс және тыл еңбеккерлері мен жесірлерге жергілікті бюджет есебінен төленетін бір жолғы материалдық көмекке бөлінген қаражатты төлеу кезінде мыналар басшылыққа алынсын:

1 1) соғыс және тыл ардагерлері мен жесірлерге Жеңістің 65 жылдығына орай төмендегідей мөлшерде табысына қарамастан біржолғы материалдық көмек төленсін:

соғыстың қатысушылары мен мүгедектеріне - 85 000 теңге;
Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан жауынгерлердің жесірлерінің қайталап некеге отырмаған зайыбына (ата-аналарына) - 15 000 теңге;
қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің әйелдеріне (күйеулеріне) - 15 000 теңге;
соғыс кезіндегі тыл еңбеккерлеріне – 10 000 мың теңге;
алушы аталған бір жолғы материалдық көмектің бірнеше түріне құқы болған жағдайда өзінің қалауы бойынша бір түрін алуға рұқсат етілсін;

2

2) мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Исатай аудандық бөлімшесіне (келісім бойынша), аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне көрсетілген санаттағы азаматтардың 2010 жылдың 1 сәуірдегі тізімін жолдап, ал кейіннен анықталғандар тізімін 2010 жылдың 1 шілдесіне дейін қағаз және электронды түрде беру ұсынылсын;

3

3) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (келісім бойынша) мен аудандық ішкі істер бөліміне (келісім бойынша) аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне көрсетілген санаттағы азаматтардың 2010 жылдың 1 сәуіріндегі тізімін жолдап, ал кейіннен анықталғандар тізімін 2010 жылдың 1 шілдесіне дейін қағаз және электронды түрде беру ұсынылсын;

4

4) аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Исатай аудандық бөлімшесінен, аудандық қорғаныс істері жөніндегі және аудандық ішкі істер бөлімдерінен түскен тізімдер негізінде біржолғы көмек алушылардың тізімін жасақтап, "Казпочта" торабының байланыс бөлімшелері арқылы аталған санаттағы адамдардың жеке есеп шотына аударсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Өтеғалиевке жүктелсін.

4 4. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
Мемлекеттік зейнетақы төлеу
орталығының Исатай аудандық
бөлімшесінің бастығы
________________ Г. Молдашева
Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі
бөлімнің бастығы
___________ Ж. Қойшыбаев
Аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
___________С. Жапақов