Бидайық селолық округінің Бидайық, Ақтайлақ, Қарамола, 69 рзд елді мекендерінің көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.08.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бидайық селолық округінің Бидайық, Ақтайлақ, Қарамола, 69 рзд елді мекендерінің көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармақшасына сәйкес, Бидайық селолық округі тұрғындарының 2010 жылғы 03 наурыздағы Бидайық селолық округінің көшелерін ретке келтіру және олардың атауын өзгерту жөніндегі жиналысының N 1, 2, 3, 4 хаттамалары мен Жаңаарқа ауданының әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 26 ақпандағы N 1 хаттамасы мен ұйғарымын қарай келе, Бидайық селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Бидайық селолық округіндегі Бидайық ауылының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін: 1-ші көшеге — Тың; 2-ші көшеге - Орталық; 3-ші көшеге — Жеңіс; 4-ші көшеге - Бейбітшілік; 5-ші көшеге - Достық; 6-шы көшеге - Тәуелсіздік.
Тармақ 2
2. Бидайық селолық округіне қарасты Ақтайлақ ауылындағы көшелерге төмендегідей атаулар берілсін: 1-ші көшеге - Орталық; 2-ші көшеге - Ұландар; 3-ші көшеге — Болашақ; 4-ші көшеге - Сарысу.
Тармақ 3
3. Бидайық селолық округіне қарасты Қарамола ауылындағы көшелерге төмендегі атаулар берілсін: 1-ші көшеге - Сарысу.
Тармақ 4
4. Бидайық селолық округіне қарасты 69 рзд елді мекеніндегі көшелерге төмендегі атаулар берілсін: 1-ші көшеге — Темір жол; 2-ші көшеге - Еңбекшілер.
Тармақ 5
5. Бидайық селолық округі әкім аппаратының жетекші маманы Г. Мұқашева Бидайық, Ақтайлақ, Қарамола, 69 рзд елді мекендерінің көшелеріне атау берілуіне байланысты тиісті жұмыстар жүргізсін.
Тармақ 6
6. Осы шешімінің орындалысына бақылау жүргізуді өзіме қалдырамын.
Тармақ 7
7. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді.