О внесении изменения в Приказ Таможенного комитета Республики Казахстан от 7 декабря 1995 года N 193-П "О таможенном сопровождении" Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң 1995 жылғы 7 желтоқсандағы N 193-П "Кедендiк алып жүру туралы" бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1997 жылғы 25 шiлде N 191-П бұйрығымен.
Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк алып жүрудi ұйымдастыруды жетiлдiру мақсатында бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң 1995 жылғы 7 желтоқсандағы N 193-П "Кедендiк алып жүру туралы" бұйрығына төмендегiдей өзгерiс енгiзiлсiн:
- 2.2-тармағының 3-абзацы төмендегідей редакцияда баяндалсын: "тауардың сипаты мен мәртебесi (акцизделетiн тауарлар, лицензияландырылатын тауарлар, әкелiнуiне өзге де мемлекеттiк органдардың рұқсаты керек болатын тауарлар, салынатын салығы кедендiк құнының 30%-нен асып кететiн не арнайы ставкалар бойынша кеден баждары және қосылған құнға салық салынатын тауарлар"
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң 1996 жылғы 15 қарашадағы N 236-П "Кедендiк алып жүру туралы ережеге" бұйрығының күшi жойылған болып есептелсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Кеден комитетi Төрағасының орынбасары жүктелсiн.