О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 1996 г. N 169 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 ақпандағы N 169 қаулысына толықтыру енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiндегi агенттiк туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 ақпандағы N 169 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 7, 43-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн: Аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жанындағы Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiндегi агенттiк туралы ережеде: 5-тармақ мынадай мазмұндағы отызыншы абзацпен толықтырылсын: "кредит берушiлер - мемлекеттiк заңды тұлғалардың атынан, сондай-ақ белгiленген тәртiптi сақтай отырып, жарғылық қорында Қазақстан Республикасының үлесi (салымы) бар шаруашылық серiктестiктерiнiң атынан сенiмхатсыз уәкiлеттiк берiлген өкiл болады".