О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 7 мая 1996 г. N 2975 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 7 мамырдағы N 2975 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне және "Қазақстан Республикасында өлім жазасына мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 желтоқсандағы N 1251 Жарлығының шығуына байланысты қаулы етемін:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтарға кешірім жасауды жүзеге асыру тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 7 мамырдағы N 2975 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтарға кешірім жасауды жүзеге асыру тәртібі туралы ережеде:
Тармақша 1
1) 2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: "Халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда, Республика Президенті басқа мемлекеттердің соттары соттаған адамдарға кешірім жасау мәселелерін қарауға хақылы;
Тармақша 2
2) 9-тармақта: "алты ай" деген сөздер "бір жыл" деген сөздермен алмастырылсын; мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: "Өлім жазасын орындауға мораторий енгізілген жағдайда, сотталғанның мораторий жарияланғанға дейін немесе мораторий қолданылған уақытта кешірім жасау жөнінде өтініш бергеніне немесе бермегеніне қарамастан, мораторийдің күші жойылғаннан кейін бір жыл ішінде кешірім жасау туралы өтінішпен жүгінуіне болады. Бұл ретте үкім кешірім жасау туралы өтініш немесе сотталған адамның оны беруден бас тартуы туралы материалдар қаралғаннан кейін ғана және өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылған соң бір жыл өткеннен кейін орындалады";
Тармақша 3
3) 10-тармақта "ұйғарымдары мен" деген сөздер алынып тасталсын;
Тармақша 4
4) 11-тармақта "үш" деген сөз "жеті" деген сөзбен алмастырылсын.
Тармақ 2
2. Аталған Ереженің 1-тармағының 1) тармақшасы өлім жазасын өмір бойына бас бостандығынан айырумен алмастыру бөлігінде күшіне енгізілсін.
Тармақ 3
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.