О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 7 мая 1996 г. N 2975 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 7 мамырдағы N 2975 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтарға кешірім жасауды жүзеге асыру тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 7 мамырдағы N 2975 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтарға кешірім жасауды жүзеге асыру тәртібі туралы ережеге:
Тармақша 1
1) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "4. Комиссияны Мемлекет басшысы тағайындайтын төраға басқарады. Комиссияның құрамына лауазымы бойынша Бас Прокурор және Әділет министрі (олар болмаған жағдайда - аталған лауазымды тұлғалардың орынбасарлары) кіреді. Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және өзге де адамдар кіруі мүмкін";
Тармақша 2
2) 9-тармақта "бір жыл" сөздері "алты ай" сөздерімен алмастырылсын;
Тармақша 3
3) 17-тармақта: 1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: "1) өлім жазасына кесілген адамдарға қатысты - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына және Бас прокуратурасына; 2) бас бостандығына айыруға және басқа жаза шараларына сотталған адамдарға қатысты - олардың орындалуын басқаратын органдарға жіберіледі."; 3) тармақша алынып тасталсын;
Тармақша 4
4) 11, 13, 15, 20-тармақтардағы "Азаматтық және кешірім жасау мәселелері жөніндегі бөлімі" деген сөздер "Мемлекеттік-құқық бөлімі" деген сөздермен алмастырылсын.
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.