О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 октября 1996 года № 1237 Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 қазандағы N 1237 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: "Жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру жобасы бойынша Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi арасындағы Займ туралы келiсiмнiң күшiне енуiне арналған шарттарды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 қазандағы N 1237 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 7-тармақтағы "Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет" деген сөздер "Қаржы министрлiгiнiң Сырттан қарыз алу жөнiндегi комитет" деген сөздермен ауыстырылсын; 📌 Ескерту. 1,2,3-абзацтарын қоспағанда күшін жойды - ҚР Үкіметінің 03.06.2005 № 557 қаулысымен.