Изменения в Инструкцию "О порядке взимания и расходования компенсационных выплат за замещение рабочих мест иностранными специалистами и рабочими, аккумулирования и использования экономического сбора и залоговых взносов, взимаемых за ввозимую и вывозимую рабочую силу", зарегистрированную в Министерстве юстиции Республики Казахстан 7 августа 1997 года за N 348 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.11.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шетелдік мамандар мен жұмысшылардың жұмыс орындарын уақытша алғандығы үшін өтемақылық төлемдерді өндіріп алудың және оны жұмсаудың, Қазақстан Республикасына әкелінетін және әкелінетін жұмыс күші үшін кепілдеме және кепіл жарналарын шоғырландырудың және экономикалық алымдар мен кепіл жарналарды пайдаланудың тәртібі жөніндегі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1997 жылдың 7 тамызында N 348 ~V970348 Нұсқаулығына тіркелген өзгерістер
Тармақ 1
1. Нұсқаулық атындағы "пайдалану" деген сөзден кейін "экономикалық алым және кепіл" сөздері оның орнына "кепілдік және кепілдеме" сөздері алынсын, одан әрі текст бойынша оқылсын.
Тармақ 2
2. 1. "Жалпы ережелердің бөлімінің 1-тармағындағы "Халықты еңбекпен қамту туралы "Заң" деген сөзден кейін 1990 жылдың 15 желтоқсаны" деп жазылып, одан әрі текст бойынша оқылсын.
Тармақ 3
3. 1 "Жалпы ережелер" бөлімінен 3 тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 4
4. 1 "Жалпы ережелер" бөлімінде 3-тармақ 4-тармақ болып өзгертіліп, мынадай редакцияда жазылсын.
Тармақ 3
"3. Шетелдік мамандар мен жұмысшыларды тұратын еліне кепілдікпен қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында лицензияттар шетелдік еңбекшінің әрқайсысы үшін банк салымдарына кепілдеме және кепілдік жарналарын салуға міндетті".
Тармақ 5
5. "Жалпы ережелердің" 1-бөлімінің 5-тармағы 4-тармақ болып өзгертіліп, ол мынадай редакцияда жазылсын. "Өтемақылық төлемдер, шартты және кепілдік жарналарды Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі лицензия беру жөнінде шешім қабылдағаннан кейін лицензиат төлейтін болады. Көрсетілген төлемдерді аумақтық органның өкілетті лицензиаты жазған квитанциялар бойынша лицензиаттың өзі төлеп, банкке тапсыртады. Өтемақылық төлемдердің төленгеннің, сондай-ақ шартты және кепілдік жарналардың салымдарға енгізілгеннің растайтын құжаттарды, сонымен қатар банктегі есепшот келісімінің шартының көшірмесін лицензиат рұқсат алғанға дейін Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсынуға тиіс".
Тармақ 6
6. "Жалпы ережелердің" 1-бөліміндегі 6-тармақ 7-тармақ болып саналсын және алтыншы абзацтан кейін "Қазақстандық теңіз және өзен кемелері экипаждарының мүшелеріне" деген жаңа абзац қосылсын.
Тармақ 7
7. "Жалпы ережелердің" 1-бөліміне 5-тармақ қосылып, ол мынадай редакцияда жазылсын.
Тармақ 5
"5. Өтемақы төлемдерін, шартты және кепіл-жарналарды есептеудің дұрыстығына аумақтық органның өкілетті лицензиаты жауапты".
Тармақ 8
8. "Жалпы ережелер" 1-бөліміне 6-тармақ қосылып, ол мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 6
"6. Жарналар мен жинақтардың дер уақытында толық төленуі жөнінде жауапкершілік лицензиатқа жүктеледі".
Тармақ 9
9. 2-бөлімнің атынан "Экономикалық алымдар мен кепілдік жарналар" деген сөз алынсын.
Тармақ 10
10. 2-бөлімнің 1-тармағындағы "Базалық ұлғаю жолында" деген сөздер алынып, одан әрі текст бойынша оқылсын.
Тармақ 11
11. 2-бөлімнің 2-тармағындағы бірінші абзац "4 есептеу көрсеткіштерінің есебінен" деген сөзден кейін "әрбір қызметкерге лицензия берілген мерзімнің әр айы үшін" деген сөздермен толықтырылып, абзацтың қалған бөлігі алынып тасталсын.
Тармақ 12
12. 2-бөлімнің 2-тармағындағы үшінші абзацта "540" цифры "Есептеу көрсеткішінің ықпалдық маңызы" "1036800" цифры "Өтемақы төлемдерінің сомасы" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 13
13. 2-бөлімнің 3-тармағындағы "Еңбекпен қамтуға ықпал етудің Мемлекеттік Қорындағы атқарушы дирекцияның" деген сөздер "Еңбекпен қамтуға ықпал етудің мемлекеттік қорының" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 14
14. 2-бөлімнен 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 тармақтар алынып тасталсын.
Тармақ 15
15. "Әкелінетін жұмыс күшіне салынатын кепілдеме және кепіл жарналарын шоғырландырудың және оны пайдаланудың тәртібі" деген тақырыппен 3-бөлім қосылып, ол мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 1
"1. Кепілдеме және кепіл жарналарын құрау үшін лицензиаттар республика банктерінің біріндегі арнайы банкілік депозиттерге өз атына салымдар салады. Бұл ретте банк пен лицензиар арасында жасалған банкілік салып келісімінде мұндай салымды немесе оның бір бөлігін лицензиат Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жазбаша түрде беретін рұқсатынсыз пайдалана алмайтындығы міндетті түрде көзделеді. Банктің мұндай салымдар үшін төлейтін сыйақылары (мүддесі) лицензиаттың жеке меншігі болып саналады және ол теңге немесе валюта түрінде оның шотына аударылады.
Тармақ 2
2. Кепілдеме жарнасының мөлшері АҚШ-тың 1000 долларына бара бар сома және ол шетелдік валюта, не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің сол салым салынған күнгі ресми курсы бойынша теңге түрінде салынады.
Тармақ 3
3. Кепілдеме жарнасы атаулы болып саналады және ол арнайы салынған шоттан сол арнап салынған мамандар немесе жұмысшылар өз еліне кеткеннен кейін кедендік тұрақтың мөрі арқылы куәландырылған және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне өткізілген тізім негізінде алынады.
Тармақ 4
4. Мыналар кепілдеме жарнасын төлеуден босатылады: шетелдік мамандар мен жұмысшыларды ТМД елдеріне әкелетін лицензиаттар; шетелдік мамандар мен жұмысшыларды тегін көмек көрсету (қайырымдылық) үшін әкелетін лицензиаттар; шетелдік мамандарды инвесторлар - инвестицияланатын фирмалардың жеке тұлғалары және басшылары ретінде әкелетін лицензиаттар.
Тармақ 5
5. Кепілдеме жарнасының мөлшері өзі тұратын елге жақын жердегі аэропортқа дейінгі экономикалық класс билетінің бағасына қажетті шығындарды жабу үшін оның 20 процентін қосқандағы құнына тең болады. Мамандарды немесе жұмысшыларды ТМД елдерінен әкелген кезде кепілдеме жарнасының мөлшері елге жақын жердегі темір жол стансасына дейінгі билет құнын қажетті шығындарды жабу үшін оның 20 процентіне өсіргендегі бағамен тең болады. Мәселен, егер лицензиат республикаға шетелдік 5 маманды немесе жұмысшыны әкелетін болса, кепілдікті жарна сомасы 5000 АҚШ долларына барабар болады. Бұл ретте егер қайту жолының авиабилеті 200 доллар тұратын болса, онда кепілдікті жарна сомасы 1200 долларды [200 доллар + (200 доллар * 20%)] * 5 құрайды. Бұл жағдайда лицензиат арнайы депозит шотына 6200 АҚШ долларына бара-бар соманы салады.
Тармақ 6
6. Кепілдеме жарнасы мына реттерде: шетелдік еңбеккердің қайту жолының билеті болса; шетелдік жұмыс күшін әкелу үшін лицензиаттың өзінің жеке көлігі немесе жалға алған көлігі болған ретте; лицензиат жұмыс күшін әкелу үшін көлік ұйымдарымен келісім жасасқан жағдайда салынбайды. Бұл арада билеттердің, шарттардың, өз көлік құралы бар екенін растайтын құжаттардың көшірмелері лицензиарға беріледі.
Тармақ 7
7. Кепілдеме жарнасы лицензиаттың арнайы шотынан қолданылу мерзімі біткеннен кейін немесе шетелдік еңбекшілермен жасасқан контрактіні мерзімінен бұрын бұзғанда, оларда өз еліне қайтуға визасы болғанда (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жазбаша түрдегі рұқсаты болғанда) алынады.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі соманың бір бөлігін беруге рұқсат беретіні сияқты оның тұтас сомасынан беруге де жазбаша түрде рұқсат береді".