О ходе выполнения Региональной программы по борьбе с преступностью и мероприятиях по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 7 декабря 1998 года "О Государственной Программе борьбы с коррупцией на 1999-2000 годы" Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Аймақтық Бағдарламаның орындалу барысы және "Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі 1998-2000 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарлама туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 7 желтоқсандағы Жарлығын жүзеге асыру шаралары туралы 📌 Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - ШҚО Өділет департаменті бастығының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы хатымен. Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Ж.Ы. Байтұқбаевтың "Облыстық Мәслихаттың ХVI сессиясының шешiмiмен 1998 жылдың 18 наурызында бекiтiлген N 16/3 "Ел Президентiнiң Қазақстан халқына арнаған Жолдауы тұрғысында қылмыспен күрес жөнiндегi 1998-2000 жылдарға арналған Аймақтық Бағдарламасының орындалу барысы туралы" ақпаратын тыңдап және талқылай келiп, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдары туралы" Заңының 40 бабын басшылыққа ала отырып облыстық Мәслихат ШЕШІМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Облыстық Мәслихаттың ХVI сессиясының шешiмiмен 1998 жылдың 18 наурызында бекiтiлген N 16/3 "Ел Президентiнiң Қазақстан халқына арналған Жолдауы тұрғысында қылмыспен күрес жөнiндегi 1998-2000 жылдарға арналған Аймақтық Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат назарға алынсын.
Тармақ 2
2. Аймақтық бағдарламаның 1998 жылға көзделген шараларының негiзiнен орындалғаны атап өтiлсiн. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi облыстық Аймақтық бағдарламаның негiзiнде қылмыспен күрес жөнiнде 1998-2000 жылдарға арналған аумақтық бағдарлама жасап, қабылдаған, олар қала, аудан мәслихаттарының сессияларында бекiтiлген. Облыстық, қалалық және аудандық ведомстволар мен ұйымдардың басшылары Аймақтық бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi iс қимыл жоспарын белгiлеген және орындау үстiнде, олар облыстағы криминогендi жағдайды сауықтыруға, заңдылықты бұзушыларға төзгiсiз жағдай туғызуға бағытталған едәуiр оңды жұмыстар атқарған, органдардың қылмыспен күрестi күшейту және құқық тәртiбiн нығайту мәселесiндегi бытыраңқылығы және келiсiлмеген әрекеттерi жойылған.
Тармақ 3
3. Облыстағы күрделi криминогендi жағдай, қылмыстардың пайдақорлық зорлық жасау бағытының таралуы, қылмыстардың ауыр және өте ауыр түрлерiнiң үлес салмағының жоғары болуы, есiрткi заттардың заңсыз айналымының үрдiс өсуi барлық мемлекеттiк өкiмет және басқару органдарының, құқық қорғау ведомстволарының, қоғамдық құрылымдардың қылмыспен, оның ұйымдасқан формаларымен және сыбайлас жемқорлықпен күрестегi үйлестiгiн және өзара iс-қимылдарын одан әрi жақсартуды талап етедi деп танылсын. Қылмыс жасауға итермелеушi себептердiң бiрi жұмыссыздықтың жоғары деңгейi, құқық бұзушылықтың, соның iшiнде кәмелетке толмағандар мен жастар арасында алдын алу шараларының жеткiлiксiз жүргiзiлуi болып табылады.
Тармақ 4
4. Жергiлiктi жердегi мемлекеттiк өкiмет және басқару органдарының жұмыстарын талдау Аймақтық бағдарламаны жүзеге асыру барысында елеулi кемшiлiктер мен бұзылыстардың орын алғанын көрсетедi. Жекелеген қалалар мен аудандарда бiрқатар бағыттар бойынша мақсатты да тиiмдi жұмыстар жоқ, жоспарлы шаралар орындалмайды, атқарушы және өкiлеттi органдардың, құқық қорғау ведомстволарының, кәсiпорын және ұйым басшыларының бағдарламаны орындау жолындағы қызметiнде сыңаржақтылыққа орын берiлген. Қала, аудан мәслихаттары Аймақтық бағдарламаның барысын талдамаған және қарамаған. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi алқа мәжiлiстерiнде селолық және кенттiк округтер әкiмдерiнiң, ведомство басшыларының, бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi басқа нақты орындаушылардың есептерiн тыңдамаған. Облыстық Аймақтық бағдарламаға сәйкес аумақтық бағдарламаларды уақтылы қайта қарау және түзетулер енгiзу ұйымдастырылмаған. Бағдарлама шараларының орындалуына тиiстi бақылау қамтамасыз етiлмеген. Лениногор қаласында, Күршiм және Ұржар аудандарында Аймақтық бағдарламаны жүзеге асыруда елеулi кемшiлiктерге орын берiлген. Глубокое, Көкпектi, Жарма, Үлан және облыстың басқа аудандарында бұл жұмыста кемшiлiктер бар. Барлық жерде бiрдей Аймақтық бағдарламаның ХІ тармағында құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту көзделген шаралар орындалмай қалып отыр.
Тармақ 5
5. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылдың 2 шiлдесiнде қабылданған Қазақстан Республикасы Заңына, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi 1999-2000 жылдарға арналған бағдарлама туралы"  Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылдың 7 желтоқсанындағы Жарлығына байланысты Қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi Аймақтық бағдарламаның  VIII бөлiмiне енгiзiлген өзгерту бекiтiлсiн (шаралар бөлек ұсынылып отыр).
Тармақ 6
6. Барлық деңгейдегi әкiмдер қылмыспен күрес жөнiндегi 1998-2000 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламаны орындау жолында аталған кемшiлiктер мен бұзылыстарды жоюдың кедергісiз шараларын қабылдасын, қала, аудан мәслихаттарымен бiрiгiп қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi аумақтық бағдарламаға "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасы Заңына  және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi 1999-2000 жылдарға арналған бағдарлама туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына сәйкес өзгерiстер енгiзсiн.
Тармақ 7
7. Құқық қорғау органдары басшылары тәртiп сақтау органдарындағы сыбайлас жемқорлықпен күреске аса назар аударсын, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кiнәлi қызметкерлерге қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапкершiлiктi күшейтсiн.
Тармақ 8
8. Облыс әкiмiне, қала және аудан әкiмдерiне қылмыспен күрес жөнiндегi Аймақтық бағдарламада көрсетiлген шараларды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мүмкiндiктерiн қарастыру ұсынылсын.
Басқа 9. Қылмыспен күрес жөнiндегi 1998-2000 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламаның VIII тарауына өзгерiстер енгiзу
Облыстық Мәслихаттың 1999 жылдың 30 наурызындағы ХХ сессиясының N 20/2 шешiмiмен бекiтiлген Қылмыспен күрес жөнiндегi 1998-2000 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламаның VIII тарауына өзгерiстер енгiзу
Тармақ 1
1. "Үйымдасқан қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша шаралар" деген тараудың аталуы "Сыбайлас жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыспен күрес бойынша шаралар" деп өзгертiлсiн.
Тармақ 2
2. VIII бөлiмнiң тармақтары мынандай редакциямен баяндалсын: 8.1 Мемлекеттiк органдар, ұйымдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары өздерiнiң өкiлеттiлiгi шегiнде Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңының талаптарын лауазымды адамдардың бұлжытпай орындауларын қамтамасыз етсiн, ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңның 6 бабындағы 3 тармақтың талаптарына сәйкес тиiстi инстанцияларды сыбайластық жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы дереу хабарландырып отырсын. Тұрақты. Мемлекеттiк органдардың басшылары 8.2 Мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының кадр қызметi ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңның 8 бабындағы талаптарына сәйкес мiндеттi түрде барлық қызметкерлердi, соның iшiнде қызметке бiрiншi рет қабылданғандарды, ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңның 2 тарауында баяндалған қағиданы бұзғаны үшiн шектеулер мен жауапкершiлiктiң толық тiзiмiмен жазбаша түрде таныстырсын. Сыбайластық жемқорлық құқық бұзушылық жасаған азаматтарды мемлекеттiк қызметке қабылдануын болдырмау мақсатымен олардың жауапкершiлiкке тартылуының әрбiр фактiсi туралы мәлiметтер Деректер банкiне енгiзiлуi үшiн облыс прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығына жолданып отырылсын. Тұрақты Мемлекеттiк органдардың кадр қызметi 8.3 Мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңының 10, 11 баптарын бұза отырып, басқа ақы төленетiн қызметпен айналысушы, жақын туыстарымен немесе жекжаттарымен тiкелей бағыныста бiрге қызмет iстеушi қызметкерлерiн анықтау жолында жүйелi түрде тексерулер өткiзiлсiн. Тұрақты Облыстық прокуратура, ҮХКД, IIБ, СПКББ, КБ 8.4 Мемлекеттiк лауазымға кандидат болып табылатын адамдарға, сондай-ақ мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға өкiлеттiк берiлген өзге де адамдарға қаржы бақылауы қарастырылған ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңының 9 бабы талаптарының орындалу мәселесi бойынша мемлекеттiк органдарда жүйелi түрде тексерулер өткiзiлсiн. Тұрақты СПКББ, облыстық прокуратура 8.5 Құқық қорғау органдарында "сенiм телефонының" жұмысы қамтамасыз етiлiп, олар бойынша халық мемлекеттiк қызметшiлер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерi жасаған сыбайластық жемқорлық құқық бұзушылық фактiлерi туралы бөгетсiз хабарлай алатын болсын. Келiп түскен ақпараттарға нақты шешiмдер қабылдаумен мұқият тексерулер жүргiзiлсiн. Тұрақты ҮХКД, ІІБ, КБ, СПКББ, облыстық прокуратура 8.6 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны насихаттауда азаматтардың сыбайластық жемқорлық көрiнiстерiне жиiркенiштi көзқарасын қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдары кең пайдаланылсын. Тұрақты Мемлекеттiк органдар, ұйымдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары 8.7 Келiсiлген ведомствоаралық оперативтi алдын алу және арнайы операциялар өткiзiлсiн: - шетел инвестицияларын, несиесiн және мемлекеттiк кепiлдiкпен берiлген мемлекеттiк емес қарыздардың мақсатсыз жұмсалуы; - мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң басқаруға берiлу заңдылығы; - сирек және түстi металдардың, стратегиялық басқа шикiзат түрлерiнiң шетелге контрактылар бойынша сатылу заңдылығы; - экономикалық контрабанда және шикiзат қорларының ұрлану фактiлерiн айқындау; - сыбайластық жемқор адамдармен байланысты ұйымдасқан қылмыстық топ қызметiне жол бермеу бойынша. Тұрақты ҮХКД, ІІБ, СПКББ, КБ, облыстық прокуратура 8.8 Сыбайлас жемқорлықпен күрестiң Мемлекеттiк бағдарламасы негiзiнде облыс құқық қорғау органдарын материалдық-техникалық жағынан нығайтудың шаралар кешенi жасалсын. 1999 жыл Жергiлiктi өкiмет және басқару органдары 8.9 Облыстың қалалары мен аудандарында сыбайластық жемқорлық құқық бұзушылықтармен күрестiң жай-күйi бойынша барлық құқық органдарының бiрлескен тексерулер өткiзуi тәжiрибеге енгiзiлiп, нәтижесi облыс әкiмшiлiгi алқасының, құқық, қорғау органдарының Ұйлестiру Кеңесi мәжiлiстерiнде тыңдалсын. Тұрақты Облыс прокуратурасы. ҮХКД, ІІБ, СПКББ, КБ 8.10 Құқық қорғау органдары қылмыстық-жазалау iс әрекетiнiң белгiлерiне жатпайтын сыбайластық жемқорлық құқық бұзушылықтың барлық айқындалған фактiлерi бойынша материалдарды кiнәлi лауазым иелерiне тиiстi шаралар қолдану үшiн облыс әкiмi жанындағы Тәртiптiк Кеңеске жолдасын. Тұрақты Облыстық прокуратура, ІІБ, ҮХКД, СПКББ, КБ 8.11 ҚР Президентiнiң заң күшi бар 26.12.95 жылғы "Мемлекеттiк қызмет туралы" Жарлығының 15 бабына және ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңына сәйкес, барлық мемлекеттiк органдар мемлекеттiк қызметке түсетiн, қызметi бойынша жоғары лауазымға ауыстырылатын адамдардың материалдарын арнайы тексеруге мiндеттi түрде ҮХҚ Департаментiне жiберетiн болсын. Тұрақты ҮХКД, мемлекеттiк органдар 8.12 Жұмыс тиiмдiлiгiн арттыру және оперативтi-iздестiру қызметiнiң заңдылығын қамтамасыз ету мақсатында құқыққорғау органдары ұйымдасқан қылмыстық топтар мен қоғамдастықтарды айқындау мен жою, оларға байланысты қылмыстық iстердi тергеу және сотқа дейiн жеткiзу жолындағы қызметтiң үйлестiрiлуiн жақсарту бойынша қосымша шаралар қолдансын. Тұрақты Облыс прокуратурасы, ІІБ, ҮХКД, СПКББ 8.13 Үйымдасқан қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен байланысты нақты iстер мен материалдар бойынша бiрлескен шараларды жасау мен жүзеге асыру үшiн ведомствоаралық жұмысшы топтардың жұмысы жандандырылсын. Тұрақты Облыстық прокуратура, ІІБ, ҮХКД 8.14 ІІБ, ҮХКД және СПКББ оперативтiк және тергеу бөлiмшелерiндегi қызметкерлердi экономикалық бiлiмдер негiзiне оқытып үйретудi, соның iшiнде басқа мемлекеттердiң, ТМД елдерiнiң ұйымдасқан формадағы қылмыстармен күреске мамандандырылған арнайы қызметтерiмен жұмыс тәжiрибелерiн алмасуларын қамтамасыз етсiн. Тұрақты                   ІІБ, ҮХКД, СПКББ 8.15 Атылатын қару-жарақ оқ-дәрi, қопарғыш заттардың сақталуын қамтамасыз етуге, оларды заңсыз сақтағандары үшiн жауаптылыққа бағытталған заңдардың орындалуы бойынша бiрлескен шаралар өткiзу ұйымдастырылсын. Тұрақты                   ІІБ, ҮХКД 8.16 Контрабандамен күресте өзара байланысты және жұмыс тиiмдiлiгiн арттыру мақсатымен кеден комитетiнiң, ҚР ҚМ мемлекеттiк шекара күзетi күшi мен ҮХКД тиiстi қызметтерi арасында оперативтi байланыс жасау мен ақпараттық алмасулар жолға қойылсын. 1999 жылдың               СПКББ, ҮХКД, КБ, облыс әкiмiнiң аппараты 1 жарты жылдығы 8.17 Қылмыстық қоғамдастықтар жасайтын есiрткi заттардың заңсыз айналысымен байланысты қылмыстарды, аймақаралық, халықаралық айқындау, жою және ашу жолында кешендi оперативтi - iздестiру шаралары жүргiзiлсiн. Тұрақты                   ІІБ, ҮХКД, КБ, СПКББ 8.18 Облыс соттары сыбайластық жемқорлық қылмыстар туралы неғұрлым көкейкестi қылмыстық iстердiң қаралу нәтижесi бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты жарияласын. Тұрақты                   әдiлет басқармасы 8.19 1999 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша сыбайластық жемқорлық қылмыстар туралы iстер бойынша сот дағдысы талданып қорытындылансын. 1999 жылдың               әдiлет басқармасы, Облыстық сот 1 жартыжылдығы