О внесении изменения в приказ от 7 октября 1998 года N 211 "Об утверждении Инструкции по применению "Правил лицензирования перевозок пассажиров и грузов железнодорожным транспортом в Республике Казахстан" Қолданыста
Басқа 0
"Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды лицензиялау ережелерін" қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 1998 жылғы 7 қазандағы N 211 бұйрыққа өзгеріс енгізу туралы
"Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды лицензиялау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 шілдедегі N 714 қаулысына сәйкес Бұйырамын:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды лицензиялау ережелерін" қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 1998 жылғы 7 қазандағы N 211 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды лицензиялау ережелерін"
қолдану жөніндегі нұсқаулықта:
7-тармақтағы "және олардың филиалдарының" деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Көліктік бақылау комитеті (Е.Ш. Қалқабаев) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне ұсынсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бірінші вице-Министр
А.З. Нәлібаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.