О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 декабря 1999 года N 1872 Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.03.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 желтоқсандағы N 1872 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 желтоқсандағы N 1872 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 53, 530-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: аталған қаулыға 1-қосымшада: ІҮ "Шығыстар" деген бөлімде: 13 "Басқалар" деген функционалдық топта: 3 "Кәсіпкерлік қызметті қолдау және бәсекелестікті қорғау" деген ішкі функцияда: "615 Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі" мемлекеттік мекемесі жолында: 1 "Әкімшілік шығыстар" деген бағдарламада: 1 "Орталық органның аппараты" деген кіші бағдарламаның 3-бағанындағы "89900" деген сан "71900" деген санмен ауыстырылсын; 2 "Аумақтық органдардың аппараты" деген кіші бағдарламаның 3-бағанындағы "92637" деген сан "110637" деген санмен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.