О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 декабря 1999 года N 1872 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.06.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 желтоқсандағы N 1872 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 желтоқсандағы N 1872 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 530-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулыға 2-қосымшада: "Барлығы" деген жолда: 4-бағандағы "3681381" деген сан "3711381" деген санмен ауыстырылсын; 6-бағандағы "3695329" деген сан "3665329" деген санмен ауыстырылсын; 5 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында: 4-баған "30000" деген санмен толықтырылсын; 6-бағандағы "30000" деген сан алынып тасталсын; 9 "Денсаулық сақтау саласындағы басқа да қызмет көрсетулер" ішкі функциясында: 612 "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі" әкімшісінде: 31 "Медициналық жабдықтар мен санитарлық көлікті орталықтандырылған түрде сатып алу" бағдарламасында: 4-баған "30000" деген санмен толықтырылсын; 6-бағандағы "30000" деген сан алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.