О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 декабря 1999 года N 1876 "О доплате за работу в сельской местности, за проживание в зонах экологического бедствия, за классное руководство, за проверку тетрадей, письменных работ, за заведование учебными кабинетами, углубленное преподавание предметов и других выплатах работникам организаций образования" Күшін жойған
Басқа 0
"Бiлiм беру ұйымдарының қызметкерлерiне селолық жерлерде жұмыс iстегенi үшiн, экологиялық апат аймағында тұрғаны үшiн, сынып жетекшiлiгі үшiн, жазба жұмыстарын, дәптерлерiн тексергенi үшiн, оқу кабинетiнiң меңгерушiлігі үшiн, пәндердi тереңдетiп оқытқаны үшiн қосымша ақы мен басқа да төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 7 желтоқсандағы N 1876 қаулысына өзгерiс енгізу туралы
Ескерту Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000.12.29. N 1927 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Білiм беру ұйымдарының қызметкерлерiне селолық жерлерде жұмыс iстегенi үшiн, экологиялық апат аймағында тұрғаны үшiн, сынып жетекшiлiгi үшiн, жазба жұмыстарын, дәптерлерiн тексергенi үшiн, оқу кабинетiнiң меңгерушiлiгi үшiн, пәндерді тереңдетіп оқытқаны үшiн қосымша ақы мен басқа да төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 7 желтоқсандағы N 1876 P991876_ қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
ескертулердiң 6-тармағы мына редакцияда жазылсын:
"Жазғы, күзгi, қысқы және көктемгi каникулдар кезiнде бiлiм беру
ұйымдарының қызметкерлерiне жалақы, олардың лауазымдық жалақысының
(тарифтiк ставкаларының) 100 процентi мөлшерiнде, жоғарыда аталған қосымша
ақылар, үстеме ақылар және апталық оқу жүктемесінен артық жүктеме
есептелместен төленедi".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.