О внесении изменений в решение Акима Южно-Казахстанской области от 7 апреля 1999 года № 104 Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.07.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оңтүстiк Қазақстан облысы Әкiмiнiң 1999 жылғы 7 сәуiрдегi № 104 шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң 28.11.2001 № 225 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 сәуiрдегi "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 4 қыркүйектегi № 840 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" № 457 қаулысына және облыс Әкiмiнiң 1999 жылғы 3 маусымдағы "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 сәуiрдегi № 457 қаулысын орындау туралы" № 1-142ө өкiмiне сәйкес, облыс Әкiмiнiң 1999 жылғы 7 сәуiрдегi "Облыс базарларында тауар (жұмыс, қызмет көрсету түрлерiн) сату құқығы үшiн алымдар мөлшерi мен базарлардың санаттарын бекiту туралы" № 104 шешiмiне келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақ 1
1. Шешiмнiң атауы мен мәтiнiнде "(жұмыс, қызмет көрсету түрлерiн)" сөздерi жойылсын.
Тармақ 2
2. 2 және 3 тармақтар келесi редакцияда жазылсын : "2. Бiр сауда жасаушыға есептелiп, бөлiнген базар алаңы нормативi бекiтiлсiн.(N 2 қосымша)" "3. Облыс базарларында тауар сату құқығы үшiн алымдар жинау жөнiндегi мемлекеттiк мекеме (Дүйсемұратов) облыс базарларында тауар сату құқығы үшiн алымдарды дер кезiнде күнделiктi толық жинау бойынша кiдiрiссiз шаралар қабылдасын."
Тармақ 3
3. № 2,3,4 қосымшалардың күшi жойылды деп табылсын.
Басқа 4
Облыс Әкiмiнiң 1999 жылғы 8 шiлдедегi № 203 шешiмiне № 2 қосымша Бiр сауда жасаушыға есептелiп, бөлiнген базар алаңының нормативi Базарлардың арнайы бағдары 1 сауда жасаушыға есептелiп, бөлiнген базар алаңының нормативi I категория II категория III категория Азық-түлiк 5 5x24=120 5x20=100 5x16=80 Киiм-кешек 6 6x20=120 6x18=108 6x14=84 Ұсақ-түйек тауарлар 2 2x24=48 2x20=40 2x16=32 Автомобильдiк 8 8x16=128 8x14=112 8x12=96 Мал базары: ұсақ мал iрi мал 5 8 5x14=70 8x14=104 5x12=60 8x12=96 5x10=50 8x10=80 Автомашинаға қосалқы бөлшектер 6 6x20=120 6x18=108 6x14=84 Пайдалануда болған қосалқы бөлшектер 3 3x16=48 3x14=42 3x12=36 Гүлдер 4 4x20=80 4x18=72 4x14=56 Ескерту:
Тармақ 1
1. Базар санатына және сатылатын тауар түрiне байланысты, автомашина мен контейнерден сауда жасау үшiн есептелiп, бөлiнген базар алаңының нормативi екi есе болып белгiленсiн.
Тармақ 2
2. Егер сауда жасаушы нормативтен асатын базар алаңын пайдаланған жағдайда, сату құқығы үшiн алым пайдалынылған базар алаңына пропоционалды түрде өседi.