О реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 7 сентября 1999 года № 1318 «О реализации Закона Республики Казахстан «Об амнистии в связи с Годом единства и преемственности поколений» в части адаптации амнистированных лиц» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.12.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Кешірім жасалған тұлғалардың бейімделу бөлігінде ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылына байланысты кешірім жасау» жөніндегі Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 қыркүйектегі № 1318 қаулысын жүзеге асыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 09.12.2004 № 53 шешімімен. «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылына байланысты кешірім жасау жөніндегі Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес және "Кешірім жасалған тұлғалардың бейімделу бөлігінде Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылына байланысты кешірім жасау жөніндегі Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 қыркүйектегі № 1318 қаулысы негізінде ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Кешірім жасалған тұлғаларды еңбекке орналастыру және оларға тұрмыстық жағдай туғызу жөніндегі мәселелерді шешуге бақылау жасайтын комиссия құрамы бекітілсін (қосымша): - қала және аудан әкімдері осы сияқты комиссиялар құрсын.
Тармақ 2
2. Облыстық ішкі істер басқармасы: - кешірім жасауда босаған тұлғалардың тұрақты жерлеріне келуін тіркеу жөнінде шаралар қабылдансын, қажет болған жағдайда олардың төлқұжат немесе жеке басын куәландыратын куәлік алуларына көмек көрсетсін; - босатылған жасы кәмелетке толмағандарды ата-аналарының, қамқорлыққа алатын органдардың қадағалауына беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы туберкулезбен ауыратын кешірім жасалған тұлғаларды медициналық есепке алуды, оларды тексеруді және емдеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қамтамасыз ету басқармасы туыстары мен жақындары жоқ мүгедектер мен жастары ұлғайған тұлғаларды арнайы интернат үйлерінде орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Қала және аудан әкімдері жанындағы жасы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияларға жастары кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыруға және оларға тұрмыстық жағдай жасауға көмек көрсету, қажет болған жағдайда жеткіншектерді балалар үйіне, мектеп интернаттарға жөне басқа оқу орындарына орналастыру тапсырылсын.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің жүзеге асырылуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.
Басқа 7. Кешірім жасалған тұлғаларды еңбекке орналастыру және оларға тұрмыстық жағдай жасау жөніндегі мәселелерді шешуге бақылау жасайтын комиссия құрамы
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 1999 жылғы 9 желтоқсанындағы № 250 шешіміне қосымша Кешірім жасалған тұлғаларды еңбекке орналастыру және оларға тұрмыстық жағдай жасау жөніндегі мәселелерді шешуге бақылау жасайтын комиссия құрамы Бектұрғанов Серік Шыңғысұлы - облыс әкімінің орынбасары, төраға Киколенко Ольга Андреевна - облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы,төрағаның орынбасары Комиссия мүшелері Бақтыбаев Ілияс Жақыпбекұлы - Қостанай облысының прокуроры (келісім бойынша) Ғалымжанов Едіге Молдахметұлы - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Жорабеков Серік Жорабекұлы - облыстық ішкі істер басқармасының бастығы Фирстова Лариса Владимировна - облыс әкімінің аппараты ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы