О реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 7 октября 1999 года № 1537 "О Национальном плане действий по решению проблемы соответствия информационных технологий 2000 году" Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.11.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Ақпараттық технологиялардың 2000 жылға сәйкестігі проблемасын шешу жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 қазандағы № 1537 қаулысын жүзеге асыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты, Ақтөбе облыстық әкімдігінің 21.12.2004 № 08-3/2691 хаты. "Ақпараттық технологиялардың 2000 жылға сәйкестігі проблемасын шешудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13-мамырдағы № 572 қаулысына сәйкес "Ақпараттық технологиялардың 2000 жылға сәйкестігі проблемасын шешу жөніндегі іс-қимылдардың Ұлттық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 қазандағы № 1537 қаулысын жүзеге асыру мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақпараттық технологиялардың 2000 жылғы сәйкестігі проблемасын шешудің мәселелері жөніндегі облыстық Үйлестіру кеңесінің қоса жалғанған құрамы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Келісім-шарт міндеттемелеріне және шығыстар сметасына сәйкес жұмыс органының қызметі "Программист" тұтынушылар кооперативіне (Б. Ж. Жуасов) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Ақпараттық технологиялардың 2000 жылға сәйкестігі проблемасын шешудің мәселелерін жоспарлау, ағымдағы бақылауын, есеп беруін және барлық меншіктегі кәсіпорындармен, ұйымдармен байланысын тәртіпке келтіруді ұйымдастыру облыстық экономика басқармасына (Н. К. Әбдібеков) жүктелсін.
Тармақ 4
4. Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (А. Рсалин) Ү2К проблемасы мен облыстағы іс-қимылдар Ұлттық жоспарының жүзеге асыру барысын бұқаралық ақпарат құралдарында кең ауқымда көрсетуді ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Ақпараттық технологиялардың 2000 жылға сәйкестігі проблемасын шешу жөніндегі іс-қимылдар Ұлттық жоспарының шараларың орындауда Ақтөбе қаласы мен аудандар әкімдеріне, облыстық басқармалар және комитеттердің басшыларына жекелей жауапкершілік жүктелсін.
Тармақ 6
6. Ақтөбе қаласы мен аудандар әкімдері 1999 жылдың 19-қарашасына дейін меншіктің барлық түрлеріндегі кәсіпорындар мен ұйымдарды қатыстыру арқылы ақпараттық технологиялардың 2000 жылға сәйкестігі проблемаларын шешу жөніндегі дербес іс-шараларын жасап, облыстық Үйлестіру кеңесіне ұсынсын.
Тармақ 7
7. Облыстық қаржы басқармасы /Б. Е. Жантеміров/ ақпараттық технологиялардың 2000 жылға сәйкестігі проблемаларын шешу жөніндегі: облыстық Үйлестіру кеңесінің жұмысшы органына шығыстар сметасына сәйкес қаржы бөлсін.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары В. В. Супрунға жүктелсін.
Басқа 9
Облыс әкімінің 1999 жылғы 10 қарашадағы № 192 шешімімен бекітілген Ақпараттық технологиялардың 2000 жылғы сәйкестігі проблемаларын шешудің мәселелері жөніндегі облыстық ұйымдастыру Кеңесінің құрамы 1. Супрун Виктор Васильевич - облыс әкімінің бірінші орынбасары, кеңес төрағасы Әлеуметтік салаларды дайындау тобы 1. Есіркепов Аманкелді Қабашұлы - облыс әкімінің орынбасары, төраға орынбасары, топ жетекшісі 2. Алдашев Жұмамұрат Ердәулетұлы - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы 3. Есенбаев Есімхан Қалмағамбетұлы - облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы 4. Құдайбергенов Аманғали Алхатұлы - облыстық білім басқармасының бастығы 5. - Отаров Қайрат Орынбасарұлы - зейнетақы төлеу орталығы облыстық бөлімшесінің директоры Өндіріс, көлік және қаржы салаларын дайындау тобы 1. Әбдібеков Нұрмұхамбет Канапияұлы - облыстық экономика басқармасының бастығы, төраға орынбасары, топ жетекшісі 2. Өлмұрзаев Бауыржан Бақытқалиұлы - Ақтөбе облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директоры 3. Бекмұхамбетов Айбол Әнуарұлы - "Халықаралық әуежай Ақтөбе" ААҚ президенті 4. Гриненко Валерий Иванович - "Феррохром" АҚ бас директоры 5. Жандәулетов Жұмабай Шамқатұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі облыстық басқармасының бастығы 6. Мұқаев Амандық Дүйсенғалиұлы - облыстық статистика басқармасының бастығы 7. Серікбаев Мәлік Абдоллаұлы - "Ақтөбеэнерго" ААҚ президенті 8. Үсімбеков Кенжехан Үсімбекұлы -"Қазақстан Темір Жолы" РМК Ақтөбе тасымалдау бөлімшесінің директоры 9. Химич Алексей Андреевич - "АЗХС" АҚ президенті Мемлекеттік мекемелерді дайындау тобы 1. Исмаилов Мәди Аманкелдіұлы - облыс әкімі аппаратының басшысы, топ жетекшісі 2. Жантеміров Бауыржан Ересұлы - облыстық қаржы басқармасының бастығы 3. Имантаев Ермек Жетпісбайұлы - Ақтөбе облысы бойынша салық комитетінің төрағасы 4. Картов Әлібек Намимұлы - Ақтөбе облысы бойынша кеден басқармасының бастығы 5. Нарсеева Людмила Витальевна - облыстық Қазынашылық басқармасының бастығы Ақпараттық қолдау тобы 1. Рсалин Аманбай Рсалыұлы - облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы, топ жетекшісі 2. Брязгалов Юрий Андреевич - облыстық " Актюбинский вестник" газетінің бас редакторы 3. Идош Асқар Мұсақұлұлы - облыстық "Актөбе" газетінің бас редакторы 4. Қалиев Еркеш Адиетұлы - облыстық телерадиокомпаниясының төрағасы