О внесении изменений в постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 7 августа 1999 года № 19/222 "Об утверждении Правил расходования средств избирательных фондов и представления отчетов об их использовании при выборах Президента, депутатов Парламента, маслихатов Республики Казахстан" Қолданыста
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы Президентін, Парламент, мәслихаттар депутаттарын және әкімдерді сайлау кезінде сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың және оны пайдалану туралы есеп берудің Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 7 тамыздағы № 19/222 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 1) тармақшасына және 34-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Президентін, Парламент, мәслихаттар депутаттарын және әкімдерді сайлау кезінде сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың және оны пайдалану туралы есеп берудің Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 7 тамыздағы № 19/222 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 870 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентін, Парламент, мәслихаттар депутаттарын және әкімдерді сайлау кезінде сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың және оны пайдалану туралы есеп берудің Ережесінде:
12-тармақта:
бірінші абзацта «шешім алып» деген сөздер «шешім қабылдайды» деген сөздермен ауыстырылсын, «, бұл жөнiнде тиісті аумақтық әділет органдарын жетi күн мерзiм iшiнде хабардар етедi» деген сөздер алынып тасталсын;
екінші абзац алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.