О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 7 октября 1999 года № 334 "Об утверждении Инструкции о порядке и условиях согласования руководящих работников банков второго уровня и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под № 1028 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.06.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1028 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың басшы қызметкерлерiне келiсiм беру тәртiбi мен шарттары туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 1999 жылғы 7 қазандағы 334 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін Заңдарды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың басшы қызметкерлерiне келiсiм беру тәртiбi мен шарттары туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 1999 жылғы 7 қазандағы 334 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1028 тіркелген, 2000 жылғы 17-30 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың басшы қызметкерлерiне келiсiм беру тәртiбi мен шарттары туралы нұсқаулықта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Осы Нұсқаулық "Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы", "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" (бұдан әрі - Банктер туралы заң), "Акционерлік қоғамдар туралы", "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және кредиттік серіктестіктер мен ломбардтарды қоспағанда екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - банктер) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - банктік емес ұйымдар) басшы қызметкерлерін, банктер мен банктік емес ұйымдардың басшы қызметкерлері лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылған кандидаттарды қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органмен (бұдан әрі - уәкілетті орган) келісу тәртібін, сондай-ақ уәкілетті органның Біліктілік комиссиясының өкілеттігін айқындайды."; 2-тармақта: "Жарлықта" деген сөз "Банктер туралы заңда" деген сөздермен ауыстырылсын; "Ұлттық Банк" деген сөздер "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақта және одан әрі мәтін бойынша "Ұлттық Банктің", "Ұлттық Банкпен", "Ұлттық Банк" деген сөздер тиісінше "уәкілетті органның", "уәкілетті органмен", "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын; 8-тармақтағы "Ұлттық Банктiң Банктердi қадағалау департаментiне (бұдан әрi - Банктердi қадағалау департаментi)" деген сөздер "уәкілетті бөлімшеге" деген сөздермен ауыстырылсын; 10-тармақта және одан әрі мәтін бойынша "Банктердi қадағалау департаментi", "Банктердi қадағалау департаментiне" деген сөздер тиісінше "уәкілетті бөлім", "уәкілетті бөлімшеге" деген сөздермен ауыстырылсын; 11-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын; 14-тармақтағы "Банктердi қадағалау департаментiнiң қадағалау басқармасының қызметкерлерi" деген сөздер "уәкілетті бөлімшенің қызметкерлерi" деген сөздермен ауыстырылсын; 15-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Банктер мен банктiк емес ұйымдардың қол қою және мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжат уәкілетті органға алдын ала ұсынылуға тиiс. Осы Нұсқаулыққа сәйкес басшы қызметкердің қол қоюға құқығы бар болған жағдайда, уәкілетті бөлiмшенiң тиiстi басшылары қол қою және мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжаттарға бұрыштама қойылған күнді көрсете отырып жоғары оң жақ бұрышына бұрыштама қояды, қажет болған жағдайда банктiң басшы қызметкерiнiң қол қою құқығының ең ұзақ мерзiмi көрсетiледi, бұл мерзiм аяқталғаннан кейiн басшы қызметкердiң мұндай құқығы болмайды."; 16-тармақтағы "Жарлықтың" деген сөз "Банктер туралы заңның" деген сөздермен ауыстырылсын; 21-тармақта: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "21. Комиссияның құрамы уәкілетті орган басшысының бұйрығымен бекітіледі."; екінші абзацтағы "Банктердi қадағалау департаментiнiң қадағалау басқармаларының немесе Банктердi қадағалау департаментiнiң банктiк емес ұйымдарды қадағалауға жауапты құрылымдық бөлiмшесiнiң" деген сөздер "уәкілетті бөлімшесінің" деген сөздермен ауыстырылсын; 23-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, кредиттік серіктестіктер мен ломбардтарға жіберсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ. Сәйденовке жүктелсін.