О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 августа 2000 года N 1210 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.06.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 тамыздағы N 1210 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамындағы өзгерістерге байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 тамыздағы N 1210 P001210_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 34, 413-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін: Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға; Рябченко Олег Григорьевич - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім бірінші вице-министрі; Тұяқбаева Баян Тұматайқызы - Қазақстан Республикасының "Жібек жолы - Қазақстан" ұлттық компаниясының Тарихи-мәдени мұра ғылыми-өндірістік орталығының директоры (келісім бойынша); ал, "Бектұрғанов Нұралы Сұлтанұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Бектұрғанов Нұралы Сұлтанұлы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, төрағаның орынбасары"; көрсетілген комиссияның құрамынан: Көшербаев Қырымбек Елеуұлы шығарылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А., Икебаева А.Ж.