О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2000 года N 183 и от 28 февраля 2000 года N 313 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 ақпандағы N 183 және 2000 жылғы 28 ақпандағы N 313 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Құзыретті органның 2000 жылы инвестициялық бағдарламалардың ашық конкурсына қоюына жататын Қазақстан Республикасының қатты пайдалы қазбалар мен көмірсутегі шикізаты бойынша жер қойнауы учаскелерінің (блоктарының) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 ақпандағы N 183 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Құзыретті органның 2000 жылы инвестициялық бағдарламалардың ашық конкурсына қоюына жататын Қазақстан Республикасының қатты пайдалы қазбалар мен көмірсутегі шикізаты бойынша жер қойнауы учаскелерінің (блоктарының) тізбесінде:
"Қатты пайдалы қазбаларды барлау және өндіру" бөлімінде реттік нөмірі
18 "Богач кен орны марганец Қарағанды" деген жол алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) "Марганец кен орындарын пайдаланушылардың қызметі туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 ақпандағы N 313
қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада реттік нөмірі 5-жол алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігі осы қаулыны орындау жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.