О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 7 июня 2000 года N 867 и от 24 января 2002 года N 100 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 7 маусымдағы N 867 және 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 15 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
Тармақша 1
1) "Өлшем құралдарын тексеру, шығару және жөндеу жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiндегі бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 7 маусымдағы N 867 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 26, 302-құжат):
тақырыбында "тексеру," деген сөз алынып тасталсын;
1-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.19. N 610 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.