О внесении дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 7 февраля 2001 года № 549 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.07.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы N 549 Жарлығына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында және республикалық баспасөзде жариялануға тиіс Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол төлемдер нысаны кезінде тиындарды дөңгелектеу жөніндегі мәселелерді реттеу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы N 549 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 6, 56-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: "5-1. Осы Жарлықтың 5-тармағында көзделген төлемдерді қоспағанда, қолма-қол төлемдер нысаны кезінде төлемдер сомасын дөңгелектеудің арифметикалық әдісі қолданылатыны белгіленсін (50 тиынға дейінгі тиын сомасы 0-ге дейін; 50 тиыннан бастап және одан жоғары 1 теңгеге дейін дөңгелектелсін).".
Тармақ 2
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.