О внесении изменения в Указ Президента Республики Казахстан от 7 февраля 2001 года № 549 "О некоторых вопросах функционирования национальной валюты Республики Казахстан" Қолданыста
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 549 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
және республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 19-бабының 8) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 549 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 6, 56-құжат; 2009 ж., № 33, 308-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алу 2012 жылғы 31 желтоқсанға дейін қоса алғанда жүзеге асырылады деп белгіленсін.».
Тармақ 2
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.