О ратификации Протокола о внесении изменений в Хартию Шанхайской организации сотрудничества, подписанную 7 июня 2002 года в городе Санкт-Петербурге (Российская Федерация) Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.01.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) 2002 жылғы 7 маусымда қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымының хартиясына өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) 2002 жылғы 7 маусымда қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымының хартиясына өзгерістер енгізу туралы Шанхайда 2006 жылғы 15 маусымда қол қойылған хаттама ратификациялансын. 📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) 2002 жылғы 7 маусымда қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымының хартиясына өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА Ресми куәландырылған мәтін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер (бұдан әрі - ШЫҰ немесе Ұйым) төмендегілер туралы осы Хаттаманы жасады:
Бап 1. 1-бап
1-бап ШЫҰ Хартиясының 11-бабының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Хатшылық ШЫҰ-ның негізгі тұрақты жұмыс істейтін атқарушы органы болып табылады және Ұйымның қызметін үйлестіруді, ақпараттық-талдауды, құқықтық және ұйымдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады, ШЫҰ шеңберінде ынтымақтастықты және Ұйымның халықаралық байланыстарын дамыту жөнінде ұсыныстарды әзірлейді, ШЫҰ органдары шешімдерінің орындалуын бақылайды".
Бап 2. 2-бап
2-бап ШЫҰ Хартиясының 11-бабының екінші, үшінші, төртінші, алтыншы және жетінші абзацтарындағы "Атқарушы хатшы" деген сөздер "Бас хатшы" деген сөздермен тиісті септікте ауыстырылсын.
Бап 3. 3-бап
3-бап Осы Хаттама ШЫҰ Хартиясының 21-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді. Шанхай қаласында 2006 жылғы 15 маусымда орыс және қытай тілдерінде бір түпнұсқа данада жасалды және де екі мәтіннің күші бірдей. Қазақстан Республикасы үшін Қытай Халық Республикасы үшін Қырғыз Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін Тәжікстан Республикасы үшін Өзбекстан Республикасы үшін 2006 жылғы 15 маусымда Шанхай қаласында жасалған 2002 жылғы 7 маусымда Санкт Петербург қаласында ШЫҰ Хартиясына өзгерістер енгізу туралы Хаттаманың бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын. Қазақстан Республикасы       Сыртқы істер министрлігі       Жалпыазиялық ынтымақтастық       департаментінің       Басқарма бастығы                                 Қ. Тумыш