О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 октября 2002 года N 1096 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096 қаулысына толықтыру енгiзу туралы
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңы 8-бабының 18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 33, 357-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi туралы ережеде:
10-тармақтың 31) тармақшасы "есеп және есеп беру нысандарын," деген сөздерден кейiн "ветеринария саласындағы кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттауды жүргiзу ережесiн," деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.