О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 октября 2002 года N 1096 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 33, 357-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi туралы ережеде: 9-тармақ мынадай мазмұндағы 21) тармақшамен толықтырылсын: "21) өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiрушілердiң мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi мiндеттерiн орындауын бақылауды жүзеге асыру"; 10-тармақ мынадай мазмұндағы 72-1), 72-2), 72-3) тармақшалармен толықтырылсын: "72-1) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы заңнаманы бұзудың алдын алу жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыруға қатысады; 72-2) сақтандыру рыногына қатысушылар мен агенттен олардың өздерiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат пен құжаттарды сұратады; 72-3) сақтандырушылардың міндетті сақтандыру шарттарын жасасудан жалтарулары туралы iстердi қарайды".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.