О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 7 февраля 2002 года N 801 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.08.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 7 ақпандағы N 801 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 24.08.2004 N 1426 Жарлығымен. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына сәйкес қаулы етемін:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" 2002 жылғы 7 ақпандағы N 801 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 6, 37-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережеде: 5-тармақта: 3) тармақшаның бірінші абзацындағы "орталық атқарушы" деген сөздер "уәкілетті" деген сөзбен ауыстырылсын; 9) тармақшаның үшінші абзацындағы "бюджеттік бағдарламаларды іске асыру нәтижелері туралы Қаржы министрлігінің ақпараты негізінде" деген сөздер алынып тасталсын; 17-тармақтағы "Қаржы министрлігіне" деген сөздер "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.