О внесении изменений и дополнений в решение Щучинского районного маслихата от 7 мая 2002 года № С-16/5 «Об утверждении Правил «О предоставлении малообеспеченным семьям жилищной помощи» Қолданыста
Басқа 0
Щучье аудандық мәслихатының 2002 жылғы 7 мамырдағы № С-16/5 «Әл-ауқаты төмен азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысына көмек беру туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Щучье аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Щучье аудандық мәслихатының 2002 жылғы 7 мамырдағы № С-16/5 «Әл-ауқаты төмен азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын беру туралы» шешіміне (тіркеу № 1102, 16 мамыр 2002 жыл, 2002 жылғы 14 тамызындағы № 65 «Луч», 2002 жылғы 7 маусымдағы № 23 «Бурабай» газеттерінде жарияланған), 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № С-10/3 Щучье аудандық мәслихатының 2002 жылғы 7 мамырдағы № С-16/5 «Әл-ауқаты төмен азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысына көмек беру туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (тіркеу № 2840, 15 қазан 2004 жыл, 2004 жылғы 11 қарашадағы № 90 «Луч», 2004 жылғы 28 қазандағы № 46 «Бурабай» газеттерінде жарияланған), 2005 жылғы 20 қазандағы № С-21/3 Щучье аудандық мәслихатының 2002 жылғы 7 мамырдағы №С-16/5 «Әл-ауқаты төмен азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысына көмек беру туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (тіркеу № 1-19-50, 4 қараша 2005 жыл, 2005 жылғы 21 қарашадағы № 93 «Луч», 2005 жылғы 17 қарашадағы № 46 «Бурабай» газеттерінде жарияланған) аудандық мәслихаттың шешімдерімен енгізілген өзгерістері және толықтыруларымен бірге келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) Аталған шешімнің қосымшасының «Жалпы ережелер» 1 тарауының 10 тармағындағы:
- «арыз берген күннен» сөздері алып тасталсын;
- «Жыл басында отбасының құрамы туралы «Тұрғындардың құрамы» кітабінің ксерокөшірмесін тапсыру қажет, ал тоқсан сайын пәтер иеленушілер кооперативтерінен анықтама берілуі керек» сөйлемі «Көмек сұраушылар отбасының құрамы туралы «Тұрғындардың құрамы» кітабінің ксерокөшірмесін тапсыруы қажет» сөйлемімен ауыстырылсын.
Тармақша 2
2) Аталған шешімнің қосымшасының 2 тарауының «Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау» 15 тармағының 4 тармақшасындағы «отбасының құрамы туралы (тұрғындарды тіркеу кітабының ксерокөшірмесі) жыл басында, ал жыл ішінде пәтер иеленушілер кооперативтерінен анықтама» сөйлемі алып тасталсын.
Тармақша 3
3) Аталған шешімнің қосымшасының 2 тарауының «Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау» 15 тармағының 7 тармақшасы «жұмыссыздарға - жұмыспен қамту орталығынан және жеке кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы анықтама», еңбек кітапшасының көшірмесі (бірінші беті және соңғы жазба)» сөздерімен толықтырылсын.
Тармақша 4
4) Аталған шешімнің қосымшасының «Телефон абоненттеріне тарифтің өсуіне байланысты айырмашылығын кері қайтару» 3 тарауының 27, 28, 29 тармақтары алып тасталсын.
Тармақша 5
5) Аталған шешімнің қосымшасындағы барлық мәтіні бойы «тұрғын үй қызметі» сөздері «уәкілетті орган» сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда беріліп және бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облысы Щучье аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9
Щучье аудандық мәслихатының
2007 жылғы 18 қаңтардағы
№ С-36/2 шешіміне қосымша
Тұрғын үйді (жеке тұрғын үйден басқа) күтіп ұстау және тұрғын үй-коммуналдық қызметке төлемақы жасау үшін әл-ауқаты төмен азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын беру ережелері мен тәртібінің ЕРЕЖЕЛЕРІ
Осы ереже «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, «Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Заңына, «Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау туралы заңды актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Заңына, «Телефон абоненттеріне тарифтің өсуіне байланысты айырмашылығын кері қайтару ережелерін бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 Қаулысына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Заңдарына сәйкес әзірленді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тұрғын үй жәрдемақысы тұрмысы төмен (азаматтарға) тұрғын үйді күтіп ұстау, коммуналдық қызметтерді тұтыну, сондай-ақ мемелекеттік тұрғын үй қорынан үй жалдауға (арендалау) төлемақы жасау үшін беріледі, және әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып саналады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй жәрдемақысы Щучье ауданындағы қала мен ауылдық жерлерде тұрақты азаматтарға, тұрғын үйді күтіп ұстау мен тұрғын үй-коммуналдық қызметтерінің төлемақы шығыны үй алаңы мен тұрғын үй-коммуналдық қызметін тұтынудың шектеулі нормативтері шеңберінде отбасы бюджетінде осы мақсаттардағы үлес шегінен асып түскен жағдайда берілуге тиіс.
Тармақ 3
3. Шығын шегінің үлесі отбасының барлық табысының 20 пайызын құрайды.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй жәрдемақысы ауданда тұрақты тұратын және үй иелері болып табылатын (жалдаушы) (жеке тұрғын үйден басқа) жеке тұлғаларға тағайындалады.
Тармақ 5
5. Тұрғын үй ауданы нормасы, отбасының әрбір мүшесінің эквиваленті нормаларға сәйкес «Тұрғын үй қатынасы туралы», 1997 жылғы сәуірдің 16-да шыққан № 94-1 Қазақстан Республикасы Занымен белгіленген коммуналдық қызмет тұтыну нормативтері қала тұрғындары қамтамасыз етілетін (канализация, сумен, газбен, электрмен, жылумен жабдықтау) Қазақстан Республикасы зандар жиынтығына сәйкес белгіленді.
Тармақ 6
6. Тұрғын үй жәрдемақысы жалдаушыға (меншік иесіне) есептеу сомасымен салыстырғанда төлемнің азайтылуы ретінде тұрғын үйді күтіп ұстау және тұрғын үй-коммуналдық қызметті тұтынуға төлем аударуы арқылы беріледі. Тұрмыстық көмектің көлемі тұрғын үйді күтіп ұстау және тұрғын үй-коммуналдық қызметті тұтынуға төлемнің нақты сомасынан аспауы тиіс.
Тармақ 7
7. Жеке иелігінде бірнеше үйлері бар немесе үйін жалға (арендаға) беретіндер тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығынан айырылады.
Тармақ 8
8. Егер отбасы құрамында жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және еңбекпен қамту бөлімінде тіркелмеген жұмысқа жарамды адамдар болса, тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқығы жойылады. Бұған мүгедектерге күтім жасап отырған адамдар, немесе 3 жасқа дейінгі (бір немесе одан да көп) баланы тәрбиелеумен айналысатын адамдар жатпайды.
Тармақ 9
9. Даулы немесе ерекше жағдайларда тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау мәселесі тұрмысы төмен азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі аудандық комиссия қарауына беріледі.
Тармақ 10
10. Тұрғын үй жердемақысы бастап үш ай мерзімге тағайындалады, тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу үшін алғашқы қүжат дайындау жағдайы қайта жүргізіледі. Жыл басында отбасы қүрамы туралы «Көмек сүраушылар отбасының қүрамы туралы «Тұрғындардың қүрамы» кітабінің ксерокөшірмесін тапсыруы қажет» сөйлемімен ауыстырылсын.
Тармақ 11
11. Тұрғын үйді күтіп үстау және коммуналдық қызмет көрсету ақысының тарифі өзгерген жағдайда, мемлекеттік уәкілетті орган бұрын есептелген тұрмыстық көмекке қайта есептеу жүргізеді.
Тармақ 12
12. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау тоқсан сайын жүргізіледі. Құжаттарды қабылдау 1 наурыз, 1 маусым, 1 қыркүйек, 1 желтоқсан күндеріне дейін өткізіледі.
Тармақ 13
13. Тұрғын үй жәрдемақысын алушы өз үйінің меншік нысанының түрлі өзгеріске түсуі, отбасы қүрамы және оның жалпы табысы, сондай-ақ көмек дүрыс есептелінбегенде, осы жағдайлар туралы мемлекеттік уәкілетті органға 10 күн ішінде хабарлауға міндетті. Жәрдемақы көмегі қызметіне жалған мәліметтер беріп көтеріңкі немесе заңсыз тұрғын үй көмегін алған меншік иелері 1 жыл бойына жәрдемақы алу құқығынан айырылады. Ал заңсыз тұрғын үй көмегі түрінде алынған ақша заң жолымен қайтарылады.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау
2. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау
Тармақ 14
14. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы шешім меншік иесінің (жалдаушының) өтініші және оған қосымша отбасы қүрамы, үйдің пайдалы алаң көлемі, жиынтық табыс кіріс бойынша, тиісті қүжаттар негізінде қабылданады (тізім бойынша).
Тармақ 15
15. Тұрғын үй жәрдемақысын алу үшін төмендегі құжаттарды тапсыру қажет:
Тармақша 1
1) меншіктендіру шарты (егер пәтер меншіктендірілмесе, ордер, сату-сатып алу шарты, айырбас шарты ксерокөшірмесі);
Тармақша 2
2) пәтердің техникалық төлқүжаты;
Тармақша 3
3) жеке бас куәлігі, немесе пәтер иесінің төлқұжаты;
Тармақша 4
4) отбасының құрамы (азаматтарды тіркеу кітабінан ксерокөшірме);
Тармақша 5
5) жарық пен газдың есеп кітапшалары;
Тармақша 6
6) енбек ақы, зейнетақы, жәрдемақы, алимент туралы анықтамалар;
Тармақша 7
7) жұмыссыздарға - еңбекпен қамту орталығынан бірінші рет келушілерге салық комитетінен анықтамалар, жәрдемақы алушы жеке кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы, еңбек кітапшасының көшірмесі (бірінші беті және соңғы жазба);
Тармақша 8
8) абонент - қалалық телекоммуникация абоненті екені жөнінде анықтама (келісім шарт, немесе телекоммуникацияға төлеген счет) ксерокопиясын тапсырады.
Тармақ 16
16. Күдік туған жағдайда тұрғын үй көмегі қызметі сүрау салуға хақылы, ал занды және жеке түлғалар көмек алуға үміткер адамның табысы туралы мәлімет беруге міндетті.
Тармақ 17
17. Тұрғын үй жәрдемақысы көлемі тұрғын үйді күтіп үстау және тұрғын үй- коммуналдық қызметке нақтылы толемдермен жалға алушы (меншік иесі) өтемақымен қамтымасыз ету молшері шегінде берілген отбасының осы мақсатқа рүқсат етілетін шектелген деңгейі айырмасы ретінде есептеледі.
Тармақ 18
18. Тұрғын үй жәрдемақысының төлемі аудандық бюджеттің қаржысы есебінен жүргізіледі.
Тармақ 19
19. Тұрғын үйді күтіп үстауға есептік-нормативтік шығындарды анықтау және тұрғын үй-коммуналдық қызмет корсету уәкілетті органдардың бақылауымен жүргізіледі.
Тармақ 20
20. Аудандық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:
Тармақша 1
1) өтінушінің жеке арызына сәйкес бөлінген қаражатты тұрмыстық көмек көрсетуге коммуналдық қызметпен жабдықтаушыларға ақша аудару;
Тармақша 2
2) пәтердің меншік иелеріне (жалға алушыларға) коммуналдық қызметке төлеуге тағайындалған қаржылық тізімдер жинағын қаржы мекемелеріне әр айлық есеп беруін қамтамасыз етсін.
Тармақ 21
21. Аудандық қаржы бөлімі берілген тізімдер негізіде жеке тұлғаларға берілетін көмекті тұрғын үй-эксплуатациялық ұйымдарға аударады.
Тармақ 22
22. Аудандық қаржы бөлімі жылына бір рет бастапқы құжаттар бойынша тұрғын үй жәрдемақысына берілген бюджет қаржыларының қалай жұмсалуын тексеріп отырады.
Тармақ 23
23. Қызметкерлер тарапынан тұрғын үй көмегі заңсыз тағайындалса, оған кінәлі лауазымды адамдар заң жүзінде жауапқа тартылады.
Тарау 3. 3. Телефон абоненттеріне тарифтің өсуіне байланысты айырмашылығын кері қайтару
3. Телефон абоненттеріне тарифтің өсуіне байланысты айырмашылығын кері қайтару
Тармақ 24
24. Телекоммуникацияның қалалық және аудандық торабының абоненті (әрі қарай - абонент) - жеке адам, телекоммуникацияның торабынан келісім шарт арқылы телефонның абонентік номерін, немесе индентификациялық код иесі.
Тармақ 25
25. Қалалық және аудандық телекоммуникацияда телефоны бар әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін төленетін абоненттік төлем тұрғын-үй және коммуналдық көмек арқылы тек телефон үшін белгіленген қаржы.
Тармақ 26
26. Абонентерге абоненттік тарифтың телефонға өсуіне байланысты бұрынғы төлеммен айырмашылығы тұрғын үй-коммуналдық төлемақы мөлшеріне қосылады.
Тармақ 27
27. Телефон иесіне төленетін абоненттік жәрдем екінші деңгейдегі банк арқылы, осы жасаған қызыметіне тұрғын үй жәрдемақысына жасалған шарт негізінде төленеді.