О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Уральска от 7 ноября 2002 г. № 818 «О комиссии по приватизации жилья и об установлении порядка учета и хранения приватизационных жилищных купонов» (рег. № 1852 от 27.11.02 г.) Күшін жойған
Басқа 0
Тұрғын жайды жекешелендіру жөніндегі комиссия, тұрғын үй жекешелендіру купондарын есептеу және сақтау тәртібін белгілеу туралы "Орал қаласы әкімдігінің 2002 жылғы 7 қарашадағы № 818 қаулысына (2002 жылғы 27 қарашадағы тіркеу № 1852) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы"
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, кадрлардың өзгеруіне байланысты Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Тұрғын жайды жекешелендіру жөніндегі комиссия, тұрғын үй жекешелендіру купондарын есептеу және сақтау тәртібін белгілеу туралы" 2002 жылғы 7 қарашадағы № 818 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 15 мамырдағы № 404 қаулысымен (2003 жылғы 26 мамырдағы тіркеу № 2157, "Пульс города" газетінің 2003 жылғы 5 маусымдағы № 7 санында, "Жайық үні" газетінің 2003 жылғы 11 шілдедегі № 31 санында жарияланған) және "Тұрғын жайды жекешелендіру жөніндегі комиссия, тұрғын үй жекешелендіру купондарын есептеу және сақтау тәртібін белгілеу туралы" 2002 жылғы 7 қарашадағы № 818 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 17 шілдедегі № 633 қаулысымен (2003 жылғы 25 шілдедегі тіркеу № 2249, "Пульс города" газетінің 2003 жылғы 8 шілдедегі № 16 санында, "Жайық үні" газетінің 2003 жылғы 21 тамыздағы № 36 санында жарияланған) өзгертулерді ескеріп, "Тұрғын жайды жекешелендіру жөніндегі комиссия, тұрғын үй жекешелендіру купондарын есептеу және сақтау тәртібін белгілеу туралы" 2002 жылғы 7 қарашадағы № 818 қаулысына (2002 жылғы 27 қарашадағы тіркеу № 1852, "Пульс города" газетінің 2002 жылғы 07 қарашадағы № 795 санында, "Жайық үні" газетінің 2002 жылғы 13 желтоқсанында № 50 санында жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:
Тармақша 1
1) № 1 қосымшаға :
Орал қаласындағы үйлер мен пәтерлердің сату құнын белгілеу комиссиясының құрамына енгізілсін:
Венера Амангелдіқызы Борашева - нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу және бақылау бөлімінің бастығы. (келісім бойынша)
Мақсат Телманұлы Бисембиев - облыстық жылжымайтын мүлік орталығының заң бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Әнес Қаресұлы Истелюев - Орал қалалық мәслихатының хатшысы (келісім бойынша);
Марат Темірболатұлы Ысқақов - мемлекеттік құқық жұмысы бөлімінің жетекші маманы;
Айгүл Рашитқызы Исмағамбетова - тұрғын үй және отын-энергетика кешені бөлімінің бас маманы;
Бақытжан Қайырұлы Шамшитов - тұрғын үй және отын-энергетика кешені бөлімінің меңгерушісі;
Тармақша 2
2) комиссия құрамынан шығарылсын:
Людмила Александровна Горшенина, Павел Михайлович Кочетков, Любовь Жаимқызы Кенжигареева, Виктория Григорьевна Миронова, Надежда Алексеевна Неживая, Гүлнар Әлібекқызы Сәтбаева.
Тармақ 2
2. Орал қаласындағы үйлер мен пәтерлердің сату құнын белгілеу комиссиясының құрамындағы өзгерістер қалалық мәслихаттың сессиясына бекітуге ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің орынбасары С.Н.Церковниковке жүктелсін.