О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Уральска «О комиссии по приватизации жилья и об установлении порядка учета и хранения приватизационных жилищных купонов» от 7 ноября 2002 г. № 818, регистрационный № 1852 Күшін жойған
Басқа 0
«Тұрғын жай жекешелендіру жөніндегі комиссиясы, тұрғын үй жекешелендіру купондарын есептеу және сақтау тәртібін белгілеу туралы» Орал қаласы әкімдігінің 2002 жылғы 7 қарашадағы № 818 қаулысына (тіркеу № 1852) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабына сәйкес Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Орал қаласы әкімдігінің 2002 жылғы 7 қарашадағы № 818 қаулысының № 1 қосымшасына (тіркеу № 1852), 2002 жылғы 7 қарашадағы № 795 «Пульс» газеті келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 2
2) Орал қаласындағы үйлер мен пәтерлердің сату құнын анықтау жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:
Агиис Базарбайқызы Бержанова - білім басқармасының бас маманы
Әсия Сақашқызы Кулумова - «Бибі Ана» мүгедек әйелдер қоғамының төрағасы
Виктория Григорьевна Миронова - мемлекеттік құқық жұмысы бөлімінің жетекші маманы
Тармақша 1
1) комиссия құрамынан шығарылсын:
Қуаныш Нұрлыбекұлы Бірманов - Орал қаласы орынбасары
Сәлима Айтқалиқызы Орынбасарова - «Қазақстан халық Банкі» ашық акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары бөлшек бизнес басқармасының бастығы.
Төлеген Сатқанұлы Шаиқов - мемлекеттік құқық жұмысы бөлімінің меңгерушісі
Тармақ 2
2. Орал қаласындағы үйлер мен пәтерлердің сату құнын анықтау жөніндегі комиссия құрамына енгізілген өзгерістер бекіту үшін қалалық мәслихаттың сессиясына ұсынылсын.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдері мен Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 258 қаулысы қабылдануына байланысты Орал қалалық әкімдігінің 2002 жылғы 7 қарашадағы № 818 қаулысының № 2 қосымшасындағы: «Тұрғын үйді жекешелендіруге байланысты азаматтардың жекелеген санаттары үшін қосымша жеңілдіктер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 23 сәуірдегі № 374 қаулысы» деген сөз тіркесі алып тасталсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғ.Х. Қапақовқа жүктелсін.