О внесении изменений и дополнений в постановление акимата области от 7 мая 2002 года №79 «Об утверждении Правил об оказании социальной помощи детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы ережені бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2002 жылғы 7 мамырдағы № 79 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 37 бабы 1 тармағына және Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі 51 бабы 1 тармағы 5 тармақшасына сәйкес, "Сәйкес бюджет қаражатынан қаржыландырылатын атқарушы органдардың құрылымындағы өзгерістер туралы" облыс әкімдігінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 180 қаулысының 2 тармағы негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
"Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы ережені бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2002 жылғы 7 мамырдағы № 79 қаулысына (2002 жылғы 31 мамырдағы тіркеу № 658, 2002 жылғы 11 маусым "Солтүстік Қазақстан" газеті, 2002 жылғы 18 маусым "Северный Казахстан" газеті) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) 2 тармақ мына редакцияда мазмұндалсын: "2. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті үйде тәрбиеленетін мүгедек балаларға әлеуметтік көмек тағайындауды қамтамасыз етсін."; 3 тармақ алып тасталсын; 4 тармақ мына редакцияда мазмұндалсын: "4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж.Ы.Омаровқа жүктелсін";
Тармақша 2
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы ережелерде: 3 тармақта: "жергілікті" деген сөз "облыстық" деген сөзбен ауыстырылсын; 7 тармакта: бірінші абзацта "жергілікті бюджеттен (бұдан әрі уәкілетті орган) әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі еңбек, жұмыспен қамтү және халықты әлеуметтік корғау (басқарма)" деген сөздер "жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" деген сөздермен ауыстырылсын; 6) тармақшада: "оқу" деген сөзден кейін "(тәрбиелеу)" деген сөзбен толықтырылсын; 9 тармақ мына редакцияда мазмұндалсын: "Әлеуметтік көмек алушының жеке ісі аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен қалыптастырылады және өтініш берген күннен онкүндік мерзімде жұмыспен камтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) тапсырылады"; 11 тармақта: "мүгедек баланың тұратын жері бойынша" деген сөздер алып тасталсын; 12 тармақта: "оқу" деген сөз "(тәрбиелеу)" деген сөзбен толықтырылсын; 13 тармақта: "жергілікті" деген сөз "облыстық" деген сөзбен ауыстырылсын; 14 тармақта: "жоғары тұрған уәкілетті органда не болмаса" деген сөздер алып тасталсын; 19 тармақ мына редакцияда мазмұндалсын: "Уәкілетті орган тоқсан сайынғы жиынтық тізімдерді қалыптастырады және банк филиалдарына жібереді' 20 тармақта: "ай" деген сөз "тоқсан" деген сөзбен ауыстырылсын.