О внесении изменений и дополнений в постановление акимата г.Уральска от 7 августа 2003 года 732 «О создании городской комиссии по социальным выплатам отдельным категориям граждан».(рег. № 2273 от 05.09.03) Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу жөніндегі қалалық комиссия құру туралы» Орал қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 7 тамыздағы № 732 қаулысына (2003 жылғы 05 қыркүйектегі тіркеу №2273) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабын басшылыққа алып, кадрлардың өзгеруiне байланысты қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Азаматтардың кейбiр санаттарына әлеуметтiк төлем төлеу жөнiндегi қалалық комиссия құру туралы" Орал қаласы әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 7 тамыздағы N 732 қаулысына (2003 жылғы 5 қыркүйектегi тiркеу N 2273; "Пульс города" газетiнiң 2003 жылғы 25 қыркүйектегi N 23 санында, "Жайық үнi" газетiнiң 2003 жылғы 25 қыркүйектегi N 41 санында жарияланған) өзгерiстер енгiзiлсiн: N 1 қосымшаға: қалалық мәслихаттың хатшысы Анис Каресович Истелюев комиссия төрағасының орынбасары болып енгiзiлсiн; Павел Михайлович Кочетков комиссия құрамынан шығарылсын.
Тармақ 2
2. Комиссияның өзгертiлген құрамы қалалық мәслихаттың сессиясына бекiтуге ұсынылсын.
Тармақ 3
3. "Азаматтардың кейбiр санаттарына әлеуметтiк төлем төлеу жөнiндегi қалалық комиссия құру туралы" Орал қаласы әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 7 тамыздағы N 732 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2003 жылғы 6 қарашадағы N 1131 қаулының күшi жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары С. Н. Церковниковке жүктелсiн.