О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 марта 2003 года N 227 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 наурыздағы N 227 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Элиталық тұқым шаруашылығын және мал тұқым асылдандыру ісін сақтауға және дамытуға қаражат төлеудің 2003 жылға арналған ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 наурыздағы N 227 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 10, 114-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Элиталық тұқым шаруашылығын және мал тұқымын асылдандыру ісін сақтауға және дамытуға қаражат төлеудің 2003 жылға арналған ережесінде: 13-тармақта: 1) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "күздік дақылдар және көшеттер бойынша - 2003 жылғы 24 желтоқсанға дейін"; 2) тармақшаның төртінші абзацы "тексерілген элиталық тұқымының" деген сөздердің алдынан "көшеттерді қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген Ережеге қосымшада: 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "7) сатылған ауыл шаруашылығы дақылдары элиталық тұқымдарының 1 тоннасына (данасына) субсидиялар нормативтері: _________________________________________________________________ Өнімнің түрі              Элиталық            Сатылған тұқымдардың         элиталық 1 тоннасының        тұқымдардың (данасының)         1 тоннасына құнын арзандату     (данасына) (%, дейін)          субсидиялар нормативті (теңге, дейін) _________________________________________________________________ Жүгері мен күрішті            40                  12073 қоспағанда, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар Жүгері, бірінші               40                  74000 буындағы будандарды қоса алғанда Күріш                         40                  16960 Күнбағыс, бірінші             40                  60000 буындағы будандарды қоса алғанда Өзге де майлы дақылдар        40                  36000 Картоп                        40                  27630 Жоңышқа                       40                  127200 Өзге де көп жылдық            40                  48800 шөптер Бір жылдық шөптер             40                  12680 Қант қызылшасы                40                  468500 Мақта, бірінші                40                  23320 репродукциясын қоса алғанда Жеміс көшеттері               40                  48 _________________________________________________________________
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.