О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 7 марта 2003 года N 77 "Об утверждении Правил по определению требований к содержанию документов, представляемых для получения лицензии на право осуществления страховой деятельности, а также по переоформлению лицензии", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 2240 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.01.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2240 тіркелген "Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға, сондай-ақ лицензияларды қайта ресімдеуге ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды белгілеу жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 77 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын лицензиялау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға, сондай-ақ лицензияларды қайта ресімдеуге ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды белгілеу жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 77  қаулысына  (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде N 2240 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 21 сәуір - 04 мамыр аралықтарында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: Осы қаулымен бекітілген Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға, сондай-ақ лицензияларды қайта ресімдеуге ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды белгілеу жөніндегі ережедегі: мәтіндегі "мемлекеттік" сөзі алынып тасталсын; 6 және 7 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 6
"6. Лицензиат сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес нысанда өтініш ұсынады. Лицензиат қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес нысанда өтініш ұсынады.
Тармақ 7
7. Уәкілетті орган белгілеген жарғы капиталының ең аз мөлшерінің толық төленгендігін растайтын құжаттар болып, акционерлер төлегендігін растайтын төлем құжаттары, ағымдағы банктік шоттың үзінді көшірмесі, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен акцияларды орналастыру қорытындысы туралы есеп табылады. Лицензиаттың жұмыс істеп отырған сақтандыру ұйымдары үшін меншік капиталының ең аз мөлшерінің талаптарын орындауды растайтын құжат болып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының пруденциалдық нормативтері туралы ережесін бекіту және пруденциалдық нормативтерді орындау есебін беру туралы" 2003 жылғы 21 тамыздағы N 310  қаулысына  сәйкес (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде N 2214 тіркелген), сақтандыру класын енгізу (алып тастау) кезіндегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталының ең аз мөлшерінің өзгеруін ескере отырып жасалған меншікті капиталдың жеткіліктілігі нормативінің есебі табылады";
Тармақ 8
8 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 8
"8. Лицензиаттың басшы қызметкерлері лауазымына сайланатын (тағайындалатын) тұлғалар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлерін, басшы қызметке сайлануға (тағайындалуға) ұсынылатын кандидаттарды келісу тәртібі туралы және сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның біліктілік комиссиясының өкілеттіктері туралы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 24 тамыздағы N 328 қаулысының күшін жою туралы" (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде N 1473 тіркелген) 2001 жылғы 3 наурыздағы N 53  қаулысына  сәйкес нысанда ұсынылады. Мұндайда, лицензиаттың басшы қызметкерлері Заңның 34-бабы белгілеген талаптарға сәйкес келуі тиіс";
Тармақ 9
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 9
"9. Актуарий растаған (сақтандыру ұйымдары үшін) сақтандыру класы бойынша бизнес-жоспарда мынадай ақпарат болуы тиіс:
Тармақша 1
1) мыналар туралы негізгі сипаттама: сақтандыру класы бойынша тәуекелдерді жабу; сақтандыру портфелі құрылымындағы сақтандыру класының үлесі; сақтандыру класы бойынша қызмет көрсету рыногының сегменті (рыноктың көлемі, әлуетті сақтандырушылар, географиялық аймақ); сақтандыру класы аясында сақтандыру өнімдерін сату тәсілдері;
Тармақша 2
2) жақын арадағы жылдар ішіндегі кірістер, шығыстар, осы сақтандыру класы бойынша сақтандыру резервтерінің есебі туралы болжамдар, шығынды болжалдау, мейлінше жақсы және мейлінше жаман жағдайлардағы тәуекелдерді бағалау, пруденциалдық нормативтерді сақтау болжамы;
Тармақша 3
3) қайта сақтандыру саясаты (қайта сақтандыру нысандары мен әдістері, қайта сақтандыру компанияларының әріптестері). Сақтандыру класы бойынша бизнес-жоспар тігілген және нөмірленген бойы бір данада ұсынылады. Сақтандыру класы бойынша бизнес-жоспардың бірінші бетінің оң жақ жоғарғы бұрышында мынадай мазмұнды айқындама болуы тиіс: Директорлар кеңесі бекіткен (Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы.) 200 __ жылғы N ___ хаттама". Сақтандыру класы бойынша бизнес-жоспардың соңғы парағының келесі беті сақтандыру ұйымының мөрімен расталады"; Мына мазмұндағы 9-1-тармағымен толықтырылсын:
Тармақ 9-1
"9-1. Бірнеше сақтандыру класы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға өтініш беру кезінде сақтандыру кластары бөлігі бойынша бір бизнес-жоспар беріледі.";
Тармақ 11
11-тармақ мына редакцияда жазылсын:
Тармақ 11
"11. Өткізілген ұйымдастыру іс-шаралары туралы есеп сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруға дайындығын растауы тиіс және онда растаушы құжаттар бар қосымшалармен бірге мына ақпараттар болуы тиіс:
Тармақша 1
1) бөлімшенің негізгі міндеті мен қызметін көрсете отырып ұйымның ұйымдық құрылымын бекіту туралы;
Тармақша 2
2) лицензиаттың басшы қызметкерлерінің уәкілетті органдармен келісімінің болуы, штатта актуарийдің не сақтандыру рыногында актуарлық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті орган берген лицензиясы бар актуариймен жасалған қызмет көрсету туралы шарттың көшірмесінің болуы;
Тармақша 3
3) үй-жайдың (үй-жай жалға алынған жағдайда - жалдау мерзімі, жалға беруші туралы мәліметтер), үй-жай алаңының, техникалық жарақтанудың, бағдарламалық жабдықтар және басқа мүліктің болуы;
Тармақша 4
4) қатаң есептегі құжаттардың сақталу жүйесін қамтамасыз ету үшін қабылданған шаралар туралы: қатаң есептегі бланктердің есебі жүйесінің, қатаң есептегі құжаттардың сақталу жүйесін ұйымдастыруға жауап беретін тұлғаның, сақтау орнының болуы (жеке үй-жай, шкафтар, сейфтер, оларға рұқсат беру тәртібі);
Тармақша 5
5) лицензиаттың ұйымдастыру іс-шаралары жоспарын жүзеге асырғандығын мақұлдайтын басқа да ақпараттың болуы."; 12-тармақтың 1) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
Тармақша 1
"1) лицензияға қосымша сақтандыру кластарын енгізу не одан жеке сақтандыру кластарын алып тастау;"; 13-тармақта:
Тармақша 2
2) тармақша мына редакцияда жазылсын:
Тармақша 2
"2) осы ереженің 9-тармағының талаптарын ескергендегі сақтандыру класы бойынша бизнес-жоспар;"; мына мазмұндағы 3) тармақшасымен толықтырылсын:
Тармақша 3
"3) міндетті сақтандыру нысанына қосымша класс енгізуге өтініш берген жағдайда - егер сақтандыру ұйымының осындай қорға міндетті қатысуы Қазақстан Республикасының заңдар актілерімен белгіленген болса, міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру ұйымы еріксіз таратылған жағдайда сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік берген, қорға қатысқандығын нотариат куәландырған шарт көшірмесі."; мына мазмұндағы 13-1-тармағымен толықтырылсын:
Тармақ 13-1
"13-1. Лицензиядан сақтандырудың жеке кластарын алып тастау үшін лицензиат уәкілетті органға осы сақтандыру кластары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асырудан бас тарту себебін көрсете отырып, еркін нысанда өтініш береді.";
Тармақ 17
17-тармақ мына редакцияда жазылсын:
Тармақ 17. Ерікті жалпы сақтандыру бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген Лицензия
"17. Лицензияны беру және қайта ресімдеу кезінде мөлшері мен тәртібін Қазақстан Республикасының заңдары белгілейтін лицензиялық алым ұсталады. Лицензиат лицензиялық алым төлемдерін растайтын төлем құжатының көшірмесін лицензияны қабылдауға/қайта ресімдеуге арналған құжаттар пакетімен бірге уәкілетті органға тапсырады."; 1-7 қосымша мына редакцияда жазылсын: "Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға, сондай-ақ лицензияларды қайта ресімдеуге ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды белгілеу жөніндегі ережеге 1-қосымша (Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бар бланкке басылып шығарылады) Ерікті жалпы сақтандыру бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген Лицензия ДОС сериясы                                     Лицензияның N ____ Берілді ____________________________________________________ (сақтандыру ұйымының толық атауы) Сақтандыру ұйымының мекен-жайы _____________________________ "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша рұқсат берілген ерікті сақтандыру кластарының тізбесі: Лицензия Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады. Лицензияның қолданылу мерзімі - мерзімсіз. Лицензияны берген орган ____________________________________ (уәкілетті органның толық атауы) Лицензия берілген күн 200 __ ж. "____" _____________________ Уәкілетті орган басшысы (басшының орынбасары) Мөр орны Алматы қаласы "Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға, сондай-ақ лицензияларды қайта ресімдеуге ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды белгілеу жөніндегі ережеге 2-қосымша (Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бар бланкке басылып шығарылады) Міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген Лицензия ОС сериясы                                      Лицензияның N ____ Берілді ____________________________________________________ (сақтандыру ұйымының толық атауы) Сақтандыру ұйымының мекен-жайы _____________________________ Міндетті сақтандырудың рұқсат берілген кластарының тізбесі: Лицензия Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады. Лицензияның қолданылу мерзімі - мерзімсіз. Лицензияны берген орган ____________________________________ (уәкілетті органның толық атауы) Лицензия берілген күн 200 __ ж. "____" _____________________ Уәкілетті орган басшысы (басшының орынбасары) Мөр орны Алматы қаласы "Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға, сондай-ақ лицензияларды қайта ресімдеуге ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды белгілеу жөніндегі ережеге 3-қосымша (Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бар бланкке басылып шығарылады) Өмірді ерікті сақтандыру бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген Лицензия ДСЖ сериясы                                     Лицензияның N ____ Берілді ____________________________________________________ (сақтандыру ұйымының толық атауы) Сақтандыру ұйымының мекен-жайы _____________________________ "өмірді сақтандыру" саласы бойынша ерікті сақтандырудың рұқсат берілген кластарының тізбесі: Лицензия Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады. Лицензияның қолданылу мерзімі - мерзімсіз. Лицензияны берген орган ____________________________________ (уәкілетті органның толық атауы) Лицензия берілген күн 200 __ ж. "____" ________ Уәкілетті орган басшысы (басшының орынбасары) Мөр орны Алматы қаласы "Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға, сондай-ақ лицензияларды қайта ресімдеуге ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды белгілеу жөніндегі ережеге 4-қосымша (Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бар бланкке басылып шығарылады) Қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген Лицензия ПД сериясы                                      Лицензияның N ____ Берілді ____________________________________________________ (сақтандыру/қайта сақтандыру ұйымының толық атауы) Сақтандыру/қайта сақтандыру ұйымының мекен-жайы ____________ Лицензия Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады. Лицензияның қолданылу мерзімі - мерзімсіз. Лицензияны берген орган ____________________________________ (уәкілетті органның толық атауы) Лицензия берілген күн 200 __ ж. "____" ________ Уәкілетті орган басшысы (басшының орынбасары) Мөр орны Алматы қаласы "Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға, сондай-ақ лицензияларды қайта ресімдеуге ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды белгілеу жөніндегі ережеге 5-қосымша Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру туралы Өтініш __________________________________________________________________ (сақтандыру ұйымының толық атауы) __________________________________________________________________ (сақтандыру cаласын, нысанын, класын көрсетіп) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруді сұрайды Осы өтінішті беріп отырған уәкілетті тұлға __________________________________________________________________ (тұлғаның аты-жөні, атқаратын қызметі, оның беріп отырған өтінішіне құқығын растайтын құжатқа сілтеме) ___________________________________________________ болып табылады Сақтандыру ұйымының мекен-жайы __________________________________________________________________ Cақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының әділет органдарына тіркелгендігі туралы деректер __________________________________________________________________ (мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) туралы куәліктің күні және нөмірі) Сақтандыру ұйымының банктік шоты ашылып отырған банктің атауы және мекен-жайы __________________________________________________________________ Cақтандыру ұйымы және оның құрылтайшылары (акционерлері) өтінішке қоса беріліп отырған құжаттардың (ақпараттың) сенімділігі үшін толық жауап береді. Қосымша: берілген құжаттардың тізбесін, даналарының санын және беттерінің әрқайсысын көрсетуі керек. _______________________                күні ________ Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның қолы Мөр орны "Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға, сондай-ақ лицензияларды қайта ресімдеуге ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды белгілеу жөніндегі ережеге 6-қосымша Қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру туралы Өтініш __________________________________________________________________ (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы) қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруді сұрайды Осы өтінішті беріп отырған уәкілетті тұлға __________________________________________________________________ (тұлғаның аты-жөні, атқаратын қызметі, оның беріп отырған өтінішіне құқығын растайтын құжатқа сілтеме) ___________________________________________________ болып табылады Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мекен-жайы __________________________________________________________________ Cақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының әділет органдарында тіркелгендігі туралы деректер __________________________________________________________________ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) туралы куәліктің күні және нөмірі) Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банктік шоты ашылып отырған банктің атауы және мекен-жайы __________________________________________________________________ Cақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және оның құрылтайшылары (акционерлері) өтінішке қоса беріліп отырған құжаттардың (ақпараттың) сенімділігі үшін толық жауап береді. _______________________                күні ________ Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның қолы Мөр орны "Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға, сондай-ақ лицензияларды қайта ресімдеуге ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды белгілеу жөніндегі ережеге 7-қосымша Сақтандырудың қосымша кластарына сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығын беру лицензиясына енгізу туралы Өтініш __________________________________________________________________ (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияға мынадай қосымша сақтандыру кластарын енгізуді сұрайды: __________________________________________________________________ (сақтандыру саласын, нысандарын, кластарын көрсете отырып) Осы өтінішті беріп отырған уәкілетті тұлға __________________________________________________________________ (тұлғаның аты-жөні, атқаратын қызметі, оның беріп отырған өтінішіне құқығын растайтын құжатқа сілтеме) ___________________________________________________ болып табылады Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мекен-жайы __________________________________________________________________ Әділет органдарында тіркелгендігі (қайта тіркелгендігі) туралы деректер __________________________________________________________________ (мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) туралы куәліктің күні және нөмірі) Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банктік шоты ашылып отырған банктің атауы және мекен-жайы __________________________________________________________________ _______________________                күні ________ Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның қолы Мөр орны".
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енеді.
Тармақ 3
3. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
Тармақша 1
1) Агенттіктің Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Қ.М. Досмұқаметовке жүктелсін. Төраға