О внесении изменений в постановление от 7 июня 2003 года № 428 «Об образовании городской комиссии по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций» Қолданыста
Басқа 0
2003 жылғы 7 маусымдағы №428 «Төтенше жадайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссия құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, кадрлардың өзгеруіне байланысты қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2003 жылғы 7 маусымдағы № 428 «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссия құру туралы» (тіркеу № 2215, «Пульс города» газетінің 2003 жылғы 2 шілдедегі № 11, «Жайың үні» газетінің 2003 жылғы 7 шілдедегі № 31 санында жарияланған) қаулысының 1-қосымшасына 2003 жылғы 11 наурыздағы № 304 (тіркеу № 2594, «Пульс города» газетінің 2004 жылғы 8 шілдедегі № 28, «Жайың үні» газетінің 2003 жылғы 8 шілдедегі № 30 санында жарияланған) қаулысымен енгізілген өзгерістерді ескеріп, мынадай өзгерістер енгізілсін:
комиссия құрамына енгізілсін:
Қуаныш Темірұлы Елубаев - Орал қаласы инфрақұрылым және құрылыс бөлімінің меңгерушісі;
Лидия Александровна Маринина - облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Төлебаев Ербол Серікұлы - Батыс Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясының техникалық қызмет көрсету орталығының бастығы (келісім бойынша);
комиссия құрамынан шығарылсын:
Ольга Владимировна Назарчук, Мақсұт Төленұлы Арыстанғалиев, Рафаэль Минханұлы Жалиев.
«Инфрақұрылым және құрылыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары» деген сөз «инфрақұрылым және құрылыс бөлімінің меңгерушісі» деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Комиссияның өзгертілген құрамы қалалық мәслихаттың сессиясына бекітуге ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімнің орынбасары В. Л. Лянға жүктелсін.