О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 июля 2003 года № 667 Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 7 шiлдедегi № 667 қаулысына толықтыру енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 7 шiлдедегi № 667 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 28, 275-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялау ережесiнде: 5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Авиациялық-химиялық жұмыстарды жүзеге асыру үшiн тұлғада қосымша санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы болуға тиiс.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.