О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 июля 2003 года № 667 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 7 шiлдедегi N 667 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 7 шiлдедегi N 667 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 28, 275-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялау ережесiнде :
1-тармақтағы ", Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы заң күшi бар Жарлығына" деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақтың 4) және 5) тармақшалары алынып тасталсын;
7 және 8-тармақтар алынып тасталсын;
9-тармақтың 2) тармақшасындағы "осы Ереженiң 4-8-тармақтарында көрсетiлген" деген сөздер "осы Ереженiң 4-6-тармақтарында көрсетiлген" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.