О внесении изменений в постановление акимата города Уральска от 7 июня 2003 года №428 «Об образовании городской комиссии по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций» Қолданыста
Басқа 0
«Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссияны құру туралы» Орал қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 7 маусымдағы №428 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, кадрлардың өзгеруіне байланысты қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссияны құру туралы" Орал қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 7 маусымдағы N 428 (2003 жылғы 25 маусымдағы тіркеу N 2215, "Пульс города" газетінің 2003 жылғы 2 шілдедегі N 11, "Жайық үні" газетінің 2003 жылғы 7 шілдедегі N 31 сандарында жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
комиссия құрамына енгізілсін:
Василий Леонидович Лян - Орал қаласы әкімінің орынбасары;
Ольга Владимировна Назарчук - Орал қаласы инфрақұрылым және құрылыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
Александр Құмарұлы Әжіғалиев - Орал қалалық мәслихатының депутаты (келісім бойынша);
Аветик Рубенович Амирханян - Орал қалалық мәслихатының депутаты (келісім бойынша);
Данияр Жақсылықұлы Ғалиев - Орал қаласының әскери комиссары (келісім бойынша);
Рафаэль Минханұлы Жалиев - Батыс Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясының техникалық қызмет орталығының бастығы (келісім бойынша);
комиссия құрамынан шығарылсын:
Ғайса Хамедулаұлы Қапақов, Евгений Абрамович Кизилов, Владимир Тимофеевич Пожидаев, Вячеслав Владимирович Скворцов, Тынышбек Байжұмаұлы Еренчиев, Ербол Серікұлы Тюлюбаев.
Тармақ 2
2. Комиссияның өзгертілген құрамы қалалық мәслихаттың сессиясына бекітуге ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары В.Л.Лянға жүктелсін.