О внесении дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами от 7 сентября 2004 года N 72-П-а "Об утверждении Правил выполнения землеустроительных работ в Республике Казахстан по составлению проектов межхозяйственного землеустройства по образованию и упорядочению существующих землепользований, отвода и установлению границ земельных участков на местности" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 7 қыркүйектегі N72-Ө-а "Жер пайдалануларды ұйымдастыру және реттеу, алқапта жер учаскесінің шекарасын бөлу және белгілеу бойынша шаруашылық аралық жерге орналастыру жұмыстарын атқару Ережелерін бекіту туралы" бұйрығына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасында жерге орналастыру жұмыстарының орындалуын жетілдіру мақсатында және Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес келтіруге байланысты БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 7 қыркүйектегі N 72-Ө-а "Жер пайдалануларды ұйымдастыру және реттеу, алқапта жер учаскесінің шекарасын бөлу және белгілеу бойынша шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын әзірлеу жөніндегі Қазақстан Республикасындағы жерге орналастыру жұмыстарын атқару Ережелерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуге алу реестрінде N 3148 бойынша тіркелген) бұйрығына келесі толықтырулар енгізілсін: Аталған бұйрықпен бекітілген Жер пайдалануларды ұйымдастыру және реттеу, алқапта жер учаскесінің шекарасын бөлу және белгілеу бойынша шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын әзірлеу жөніндегі Қазақстан Республикасындағы жерге орналастыру жұмыстарын атқару Ережесіне келесідей толықтырулар енгізілсін: 8 тармақта: екінші азат жолдағы "Жерге орналастыру құжаттамасындағы" сөздері "Тіркеуге алу мақсатында жер учаскелерін есепке алу жұмыстарын жүргізуге қажет жерге орналастыру құжаттамасының бір данасы" деген сөздерімен ауыстырылсын; келесі мазмұндағы үшінші азат жол толықтырылсын: "Жер учаскелерін тіркеу мақсаты үшін есепке алу жұмыстарын жүргізу тапсырыс берушілердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.".
Тармақ 2
2. Осы Бұйрық белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберілсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау төрағаның орынбасары Қ.Ө. Райымбековке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.