О внесении изменений в постановление акимата города Экибастуза от 7 июня 2004 года № 337/6 «О создании городского Совета по делам инвалидов» Зарегистрировано в Департаменте юстиции Павлодарской области 6 июля 2004 года за № 2635 Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екібастүз қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 7 маусымдағы "Мүгедектер істері жөніндегі қалалық Кеңес құру туралы " № 337/6 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 2004 жылғы 6 шілдеде Павлодар облысы әділет Департаментінде № 2635 болып тіркелген Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы № 1022 қаулысымен бекітілген жергілікті мемлекеттік басқарудың бірыңғай құрылымының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасымен сәйкестікке келтіру үшін, Екібастүз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастүз қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 7 маусымдағы "Мүгедектер істері жөніндегі қалалық Кеңес құру туралы" № 337/6 қаулысына (2004 жыл 6 шілдедегі МТН 2635, 2004 жылғы 15 шілдеде №29 "Вести Экибастуза" және 2004 жылғы 15 шілдеде №29 "Отарқа" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) қосымшаға сәйкес мүгедектер істері жөніндегі қалалық Кеңестің дербес құрамы жаңа редакцияда мақұлдансын.
Тармақ 2
2. "Екібастүз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (Е.Г.Асташова) мүгедектер істері жөніндегі қалалық Кеңестің дербес құрамын Екібастұз қалалық маслихатының кезекті сессиясына бекітуге жіберсін. З. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ғ.Ш. Балтабековаға жүктелсін.