О внесении изменений в решение маслихата от 7 июля 2004 года № 47 «О регламенте Карабалыкского районного маслихата» Қолданыста
Басқа 0
Мәслихаттың 2004 жылғы 7 шілдедегі № 47 "Қарабалық аудандық мәслихатының регламенті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы 8 бабы 3 тармағының 5 тармақшасына, 16 бабына, Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексінің 132 бабы 7 тармағы, 145-2 бабына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қарабалық аудандық мәслихатының 2004 жылғы 7 шілдедегі № 47 "Қарабалық аудандық мәслихатының регламенті туралы" (мемлекеттік тіркеудің реестрінде нөмірі 3086, шешіміне өзгерістер енгізілсін, 2004 жылғы 19 тамыздағы аудандық «Айна» газетінің арнайы шығарылуында жарияланды, мәслихаттың 2005 жылғы 2 наурыздағы № 101 "Қарабалық аудандық мәслихатының 2004 жылғы 7 шілдедегі № 47 "Қарабалық аудандық мәслихатының регламенті туралы" мемлекеттік тіркеудің реестрінде нөмірі 3452, шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімімен, 2005 жылдың 14 сәуірдегі № 16 аудандық «Айна» газетінде жарияланды, мәслихаттың 2006 жылғы 31 наурыздағы № 214 "Мәслихаттың 2004 жылгы 7 шілдедегі № 47 "Қарабалық аудандық мәслихатының регламенті туралы" мемлекеттік тіркеудің реестрінде нөмірі 9-12-10, 2006 жылғы 20 сәуірдегі № 6 аудандық «Айна» газетінде арнайы шығарылымында жарияланды) шешімімен бұрын өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:
6 тараудың 56 тармағын:
1) кіріс бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
«Аудандық бюджетті орындауға бақылау үшін мемлекеттік қаржы бақылау органы болып табылатын, тексеру комиссиясын өз өкілеттік мерзіміне мәслихат сайлайды. Тексеру комиссиясының мүше саны мәслихатпен анықталады. Тексеру комиссиясының төрағасы (әрі қарай мәтін бойынша төраға) мәслихатпен депутаттар санынан сайланады;
төраға өз функцияларын босатылған негізде жүзеге асырады;
тексерулер мәслихаттың, тексеру комиссиясының, немесе мәслихаттың сайланған депутаттарының санынан кемінде үштен бірі талаптары бойынша
мәслихат хатшысының шешімі бойынша жүргізіледі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған басқа жағдайларда».
2) 31 тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«мәслихат шешімімен бекітілген, жұмыс жоспарына сәйкес бақылау іс-шараларын орындау үшін, жауапты орындаушылар және бақылау мерзімі көрсетілген хатшының өкімі шығарылады».
Бақылау іс-шаралары туралы өкім қатаң есеп беру бланктерінде ресімделеді және құқықтық статистика және Қазакстан Республикасының Бас прокуратурасының арнайы есебі жөнінде аумақтық Комитет органдарында тіркеуге жатады.
Бақылау іс-шаралары туралы өкім тексерілетін ұйымның басшысына тексеру күнінің басында беріледі.
Тармақ 2
2. Осы шешім Қарабалық ауданының әділет басқармасына мемлекеттік тіркеу кезінен іс-қимылға енеді.