О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 мая 2004 года № 513 Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 мамырдағы № 513 қаулысына өзгеріс енгiзу туралы Жоғары оқу орындарында магистрлер даярлауға бөлiнген мақсатты қаражат көлемiн сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. "Республикалық бюджеттен қаражат алатын білiм беру ұйымдарында кәсiптiк орта бiлiмдi, кәсiптiк жоғары бiлiмдi және жоғары оқу орнынан кейiнгі кәсiптiк білiмдi мамандар даярлауға 2004/2005 оқу жылына арналған мемлекеттік білiм беру тапсырыстарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 7 мамырдағы № 513 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 20, 261-құжат) мынадай өзгерiс енгiзілсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтілген кәсіптік жоғары бiлiмдi мамандар даярлауға 2004/2005 оқу жылына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысында: "Магистратураға қабылдау" деген тарау мынадай редакцияда жазылсын: Ко­ды Ма­ман­дық­тар то­бы­ның ата­уы Мем­ле­кет­тіктап­сы­рыс Оқу жы­лы iшiн­де 1 ма­ги­странт­ты оқы­ту­ға жұм­са­ла­тын ор­та­ша шы­ғы­стар (мың тең­гe) 1 2 3 4 Бар­лы­ғы 2526 6N0100 Бі­лім 474 119,5 6N0200 Гу­ма­ни­тар­лық ғы­лым­дар 333 119,5 6N0300 Құқық 122 119,5 6N0400 Өнер 49 134,8 6N0500 Әле­умет­тік ғы­лым­дар және биз­нес 513 119,5 6N0600 Жа­ра­ты­лы­ста­ну ғы­лым­да­ры 502 118,9 6N0700 Тех­ни­ка­лық ғы­лым­дар және тех­но­ло­ги­я­лар 455 121,3 6N0800 Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ғы­лым­да­ры 44 121,9 6N0900 Қыз­мет­тер 20 121,3 6N1200 Ве­те­ри­на­рия 14 121,9 ІІМ-нің ака­де­ми­я­сы 6N0303 Құқық қор­ғау қыз­ме­ті 25 352
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.